Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

В. Шелфорд заңы ашылғаннан кейін көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп өсімдіктер мен жануарлардың, сонымен қатар адамдардың да тіршілік ету шектері анықталды. Экологиялык толеранттылықка байланысты организмдер екі типке бөлінеді. Эврибионттар (грекше eurus - кен) - факторлардың кең диапазонында (эртүрлі айырмашылыгы бар орталарда) тіршілік ете алатын организмдер. Мысалы, эвритермді турлер - темпера- тураның үлкен ауыткуына төзімді организмдер. Эвригалинді түрлер - су тұздылығының үлкен ауыткуына төзімді организмдер, эврибатты түрлер - қысымның катты ауытқуына төзе алатын организмдер, эврифагтар - эртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер, эвритоптар - эртүрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер жэне т.б. Стенобионттар - (грекше stenos - тар) - тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын (ортаның шамалы ғана ауыткуларына төзе алатын) организмдер. Мысалы, стенотермді түрлер тек температураның аз ғана ауытқуына ғана шыдамды организмдер (теңіз маржандары, бахтах (форель)), стеногалинді түрлер - су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтын организмдер (ұлу), стенобатты түрлер - қысымның ауыткуына шыдай алмайтын организмдер (риф түзетін маржандар 40-50 метр тереңдіктен томен тіршілік ете алмайды, Vitjazaster djaronovi теңіз жұлдызы тек 4500-5100 тереңдікте ғана тіршілік ете алады), стенофагтар - азықтың белгілі бір түрлерімен ғана коректенеді (жұмыртқа жегіш жыландар), стенотоптар - тек белгілі бір тіршілік орталарында ғана өмір сүре алады (мысалы, құмды шөлдегі ак сексеуіл, кұм жыланы немесе тек тұзды топырақта өсетін кара сексеуіл) жэне т.б. Мысалы, теңіздерде тіршілік ететін организмдердің көпшілігі судың жоғары тұздылығына бейімделген. Егер судағы тұздардың мөлшері аз ғана төмендейтін болса, ол организмдер үшін кауіпті жағдай туады. Ал эврибионттар тұщы суда да, суы ащы теңіздерде де тіршілік ете алады. Тундрада тіршілік ететін қасқыр тұкымдасына жататын ак түлкі (Alopex lagopus) температураның 80° (+35°С-тан -55°С-қа дейін) ауыткуына төзе алатын болса, жылы суларда тіршілік ететін Corilia mirabilis шаяны температура өзгеруінің 6°-на ғана (+23°С-тан +29°С-қа дейін) төзе алады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==