низмдердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі. ягни түрлердің коршаған ортага бейімделуі. Организм орта жағдайының ауыткуына неғұрлым төзімділік көрсетсе. оның экологиялык валенттілігі де соғұрлым жоғары болады. В. Шелфорд заңының практикалык маңызы зор. Түрлердің тіршілігін сақтау үшін экологиялык факторларға шектен шығып кетуге мүмкіндік бермей оңтайлы белдемде үстау кажет. Бұл зандылыкты адамның тірі табиғатпен карым-катынаста болатын барлык шаруашылык салаларында (өсімдік, мал. орман, т.б.) үстаған өте дұрыс. Оптимум заңын қолдану кейде киынға түседі, себебі әр фактордың эр түрдің өзіне гана тән оңтайлы мөлшері болады. Бір түрге жасалған жаксы жагдай екінші бір түр үшін пессимум болуы немесе тіпті шектен шығып, өте қиын жағдай тудыруы мүмкін. Мысалы, +20°С-та ыстык жактың маймылы тоңатын болса, солтүстікте тіршілік ететін түлкі керісінше ыстыктайды. Күріш суда өсетін болса, бидай мүндай сулы ортада тіршілігін жояды. Табиғатта оптимум аймактары бірдей екі түр кездеспейді. Бұл жағдай түрлердің экология!ық жеке ңажеттілік ережесін айкындайды. Жеке кажеттілік деп индивидтің (жеке особтың) тіршілік етуіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға кажетті жағдайларға мұқтаждығы. Егер түрлердің бір факторға тұрак- тылыктары бірдей болса, баска факторға олардың тұрақтылықтары міндетті түрде өзгеше болады. В. Шелфордтың толеранттылык заңын кейін американдык талым Ю. Одум (1979 ж.) бірнеше ережелермен толықтырды: - организмдер кейбір факторларға төзімділігі кең аукымды (яғни, шыдамдылық шектері жоғары) жэне баска факторларға төзімділігінің аукымы (яғни, баска факторларға катысты шыдам- дылық шектері төмен) шектеулі болуы мүмкін; - экологиялық факторларға толеранттылығы жоғары организмдер әдетте табиғатта кең таралған; - егер түр үшін бір экологиялык фактордың әсері оптималды болмаса, төзімділік шектері баска экологиялык факторларға да өзгеріп, төмендеуі мүмкін. Мысалы, топырак кұрамындағы азоттың мөлшері аз жағдайда астык тұқымдастардың кұргақшылыкка төзімділігі төмендейді, сэйкесінше топыракта азот жеткілікті жағдайға Караганда ылғалды көп кажет етеді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==