Қорлар - организмнің энергия алуы немесе тіршілігі үшін кажетті заттарды алатын табиғаттың бар байлығы (коректік жэне энергетикшіык корлар). Жагдай - уақытқа байланысты кеңістікте өзгеріп, орга- низмдерге әр түрлі эсер ететін абиотикалык факторлар. Барлык ортаның жағдайларын аныктайтын негізгі факторлар - температура, ылғал жэне жарык. 1.6 Экологиялық факторлардын эсер етуінің кейбір заңдылыктары Организмге катысты факторлардың эсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өзара әсері ережесі жэне т.б. жатады. Оптимум ережесі. Кез-келген фактордың организмге оң эсер ететін шектері болады. Фактордың жоғары немесе төменгі дэрежедегі әсері организмге теріс эсер етеді. Мысалы, ылғалдың тапшылыгы немесе шектен тыс көп мөлшерде болуы өсімдіктін өсуіне кері эсер етеді. Организм тіриіілігі үшін аса қолайлы экологияіың фактордың белсенділігі оптимум немесе эко- логиялық фактордың оптимум аймагы деп аталады. Оптимум аймағынан тыс, организмнің тіршілігіне кауіпті немесе өлуіне алып келетін пессимум аймагы жатыр (1-сурет). Әрбір организм, түр үшін факторлардын оптимум жағдайлары бар. Ол тек эр түрлі жағдайда орналаскан эр түрге жататын особьтар үшін ғана емес, бір организмнің әртүрлі даму сатыларында да әрқалай болады. Түр үшін оптимумның кандай деңгейі колайлы болуына байланысты оларды жылу сүйетін жэне саткын сүйетін, ылғал сүйетін жэне күрғақшылыкты сүйетін жэне т.б. деп бөледі. Әрбір түр үшін өзіне тэн шыдамдылык шектері болады. Ал организмнің белгілі бір орта факторының жағымсыз әсер-ыкпалына шыдамдылық қабілетін төзімділік дейді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==