Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Антропогендік (антропикалық) факторлар - адамның катысуымен коршаган ортаға, организмдердің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей эсер ету. Антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблемалар пайда болды (парникті эффект, кышкыл жаңбырлар, орманды ағаштардың көптеп қырқылуы, шөлдену, ортаның улы заттармен ластануы т.б.). Адам когамының коршаган ортага тигізетін эсері мол: коршаган ортаның (атмосфераның) курамы мен касиетін, өзендерді, теңіздер мен мухиттарды, сонымен катар топыракты жай ғана емес, радиоактивті заттармен ластау экожүйелердің курамы мен курылымына, көптеген өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялык алуан түрлілігінің азаюы мен жойылып кетуіне әкелуде. Кейбір мәліметтер бойынша, жыл сайын 15 мын баррель (1 баррель мунай - 42 галлон немесе 158,988 литр) мунай өнімдері теңіздер мен мухиттарға төгіліп, жануарлардың көптеген түрлеріне жоғалып кетудің каупі төніп тур. Ылгалды тропикалык орман- дардың көлемі жылына 17 млн гектарға азайып, жерді дурыс пайдаланбау әсерінен жылына 6 млн гектар жер шөлейттенуде. Жер бетінде жыл сайын 26 млрд тонна кунарлы топырак беті өзгеріске ушырап, кышқыл жаңбырлар әсерінен 31 млн гектар орман алкаптарына зиян келіп, жүздеген миллион тонна әртүрлі химиялық заттар өндірілуде, 25-30 мың өсімдіктер түрі жогалып кетудің алдында. Жэне бұл процестер планетамыздағы адам санының курт өсуімен бірге катар жүріп келеді. Адамзат тарихында аң аулау, ауыл шаруашылыгы, транспорт пен өнеркәсіпті дамыту коршаган ортаны қатты өзгеріске ұшыратуда. Жер бетіндегі бүкіл тіршілік иелеріне антропогендік эсер күннен-күнге күшеюде. Қазіргі таңда Жер бетіндегі бүкіл тіршілік - адамзат коғамының қолында, адамның антропогендік әсеріне байланысты.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==