(молдығына), географиялык таратуына тікелей немесе жанама эсер етеді. Экологиялык факторлар табиғаты бойынша жэне тірі орга- низмдерге эсер етуі бойынша эр турлі. Барлык факторларды шартты т\грде үлкен 3 топка бөледі - абиотикашқ, биотикалыц жэне антропогендік (немесе антропикалық). Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама эсер ететін өлі табигат факторлары. Оларга климаттык (температура, ауа кысымы, жел, ылғал, жарық т.б.), атмосфералық (атмосфераның химиялық кұрамы), топырак (эдафик&тык), гео- морфологиялық, гидрологиялык және баскалары жатады. Биотикалық факторлар - тірі организмдердін бір-бірінің тіршілігіне жэне тіршілік ететін ортасына әсері. Олар түр іші жэне түр аралық болып бөлінеді. Түр іші факторларына - демо- графиялык, этологиялык (мінез-кұлық), бэсекелестік жэне т.б. жатады. Ал түр аралық факторларға популяциялык деңгейдегі әртүрлі теріс әсерлер (бэсекелестік, аменсализм) және оң әсерлер (комменсализм, мутуализм, симбиоз) жатады. Сондай-ак түрлер арасындағы қарым-катынастарда екі топка да жататын әсерлер (жырткыштык, паразитизм) болуы мүмкін. Бүл әсерлер өсімдіктер (фитогенді), жануарлар (зоогенді), саңыраукүлактар жэне микро- организмдер тарапынан болуы мүмкін. Тірі организмдер корек (өсімдіктер - фитофаг-жануарлар үшін, жануарлар - жырткыштар үшін), тіршілік ету ортасы (паразиттер үшін - иесі, эпифиттер үшін - ағашты өсімдіктер) ролін атқара отырып, көбеюге (өсімдіктер тозаңдатқыштары) немесе бір-біріне химиялық, физикалык және басқадай да әсері болуы мүмкін. Биотикалык факторлар тікелей - бір организмдердің екінші бір организмдерге тікелей әсері (кейбір өсімдіктердегі паразитті шырмауыктар) жэне жанама (коршаған өлі табиғаттың өзгеруі арқылы) болып бөлінеді. Мысалы, шыршаның катың бұтактары топыракка көлеңке түсіріп, төмендегі өсімдіктерге жарыкты аз өткізіп, баска шөптесін өсімдіктердің өсуіне эсер етеді. Кейбір өсімдіктердің зат алмасуы нәтижесінде ортаға химиялық заттар (фитонцидтер, гликозидтер, эфир майлары) бөлуі аркылы эсер етуі. Мұны аллелопатш деп атайды (бидайык тамырсабағы аркылы топыракка токсиндер бөліп, мэдени өсім- діктердің тұқымының өнуін нашарлатады немесе арам шөптердің мэдени дакылдардың өсуіне кедергі жасауы).
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==