Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Қолданбалы экологияға: - өнеркәсіптік (инженерлік) экология; - технологиялық экология; - ауыл шаруашылык экологиясы; - химиялык экология; - медициналык экология; - табигатты пайдалану жэне табиғатты коргау жэне т.б. жатады. 1974 жылы американдық биолог Барри Коммонер биоэкология мен әлеуметтік экология ережелерін толыктыра келіп экологияның негізгі төрт заңын тұжырымдады: 1. Табигатта барлыгы бір-бірімен байланысты. 2. Түбінде бэрі жогалуы тиіс. 3. Табигат жақсы біледи 4. Еіитеңе тектен-тек келмейді. 1.5 Экологиялык факторлар және олардың түрлері Орта - организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей немесе жанама эсер ететін коршаған орта компоненттерінің жиынтығы, яғни особьтарды (популяцияны, қауымдастықты) коршап, оған эсер ететін факторлардың жиын- тығы. Тірі организмдер - ашық жүйелер, сондықтан коршаган ортамен зат жэне энергия аркылы алмасып отырады. Организмдер үнемі өзгеріп түратын коршаган ортаның әсерін сезініп, бейімделе отырып, өздері де осы жағдайларды өзгертіп түрады. Тіршілік ортасы - организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпак- тарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптаскан орта. Кез келген тіршілік иесі үнемі өзгеріп отыратын күрделі әлемде, сол өзгерістерге бейімделіп, өмір сүруін сол өзгерістерге қарай реттеп отырады. Жер шарында негізгі төрт түрлі тіршілік орталары бар, олар: тіршілік алғаш пайда болган - су ортасы; кейіннен тірі организмдер игерген цүрлың-әуе жэне топырақ орталары; сонымен катар баска симбионттар мен паразиттер үшін организмдердің өздері де тіршілік ортасы болып саналады. Организмге эсер ететін кез-келген орта жағдайларын немесе орта компоненттерін экологиялық факторлар деп атайды. Экологиялык факторлар тірі организмдердің тіршілігіне, санына

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==