Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

- қоршаған табиғи ортага антропогендік қысымды азайту үшін жаңа технологияларды ендіру. Жер койнауындағы ресурстарды пайдалану қарқыны алдагы уакытта төмендемейтін болса, олардың коры азаятыны сөзсіз. Ғалымдардың болжамы бойынша, мысалы, алюминий рудасының қоры 500-600 жылға, темірдікі - 150, мырыштыкі - 200-230, кор- ғасындыкі - 20-30 жылға жетеді екен. Осындай дағдарыстан шығу үшін ресурстар корын үнемді пайдалану, сактау және жаңа кор- ларын барлау, кайтара пайдаланатын шикізатты колдану, металл сынықтарын кайта өңдеу, құнды жэне сирек кездесетін метал- дарды, істен шыкқан аспаптарды кайта жөндеу жэне тағы да баска шараларды іске асыру кажет. Табиғатты тиімді пайдалану ережесінің бұзылуы салдарынан калпына келмейтін ресурстардың катарына соңғы уакытта тұщы су, оттегі жэне т.б. косылды. Себебі бұлардың пайдалану, шыгындалу каркыны табиғаттың өздігінен калпына келу қаркынынан асып кетуде. Топырак - барлык материалдык игіліктің негізі, ал оның негізгі қасиеті - оның құнарлылығы. Топырақтың түзілуі өте күрделі, эрі үзак жүретін процестердің бірі. Топырактың кұнарлылығын анықтайтын карашіріндінің негізгі мөлшерін жинақтайтын 1 см қалыңдыктағы беткі кабатының түзілуіне 100 жылдай, 20 см кабат калыңдығының түзілуіне кемінде 5-7 мың жылдай уақыт кажет. Ал осы қабатты жоюға түзілу мерзімімен салыстырғанда көп уакыттың кажеті де жоқ, ең эрі кеткенде бірнеше жылда (жедел эрозия нэтижесінде 20-30 жылда) құнарлылығынан айыруға болады. Топыракты өңдеуге дұрыс технология колданбау, ауыл шаруа- шылығын экстенсивті түрде жүргізу, ормандар алкабының кыскар- тылып отырылуы су жэне жел эрозия процестерінің күшеюіне алып келеді. Сонымен, топырак калпына келетін ресурс болғанымен, оны тек катан қолдану тэртібі арқылы ғана калпына келтіріп немесе бұзбай отыруға болады. Атап айтсак, дүние жүзінде әр адамға шакканда өңделетін топырактың мөлшері 0,28 гектарды кұрайды. Ресейде эр адамға шакканда келетін егістік жердің көлемі 0,94 га, АҚШ-та - 0,3 га, Қытайда - 0,1 га, Германияда - 0,15 га, ¥лы- британияда - 0,13 га, Жапонияда - 0,04 га, Қазақстанда - 2,25 га. Жарамды жер көлемі барлык елдерде жылдан-жылға азаюда.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==