Адам экологиясы (антропоэкология) - адамның тіршілік ортасымен эртүрлі аспектіде (экономикалык. техникалық, физико- техникалық, әлеуметтік-психологиялык) карым-катынасы туралы, яғни кешенді, антропожүйе мен биосфераның бір-біріне эсер етуі зандылыктарын зерттейтін ғылым. Адам экологиясы ұғымын гылымға 1921 жылы американдык ғалымдар Р. Парк пен Ә. Бюргере енгізді. Адам экологиясы өте кең, аукымды міндеттерді шешеді. Оның бірі табиғи (географиялык) ортаның және оның компоненттерінің антропожүйеге әсері. екіншісі антропогендік әсердің салдарларын зерттеу. Айтылған ғаламдык проблемалар адамның денсаулыгы мен тұрмыс-тіршілігіне ғана эсер етіп коймайды, жалпы адамзаттың болашағы үшін аса маңызды мәселелер. Адам экологиясы адамның тіршілігіне кажетті жагдайлармен камтамасыз етумен катар, адамның коршаған ортаға эсерінің мүмкін шектерін де аныктайды. Адам экологиясынан баска - кала экологиясы, тарихи экология, халықтар экологиясы бағыттары да бар. Әлеуметтік экология - когам-табиғат жүйесіндегі карым- қатынастарды, коршаган ортаның қоғамга әсерін зерттейді. Адам социум ретінде карастырылатын болғандықтан элеуметтік экология пэні - әлеуметтік статусына, еңбек түріне, жасына байланысты адамдардың ірі топтарын біріктіреді. Әлеуметтік экология адам тіршілігі мен коршаған ортаны біртұтас «коғам-табиғат» жүйесі жэне Жер биосферасын адамзаттьщ экологиялык куысы ретінде қарастырады. Әлеуметтік экология ғылым ретінде апат салдарларын болдырмаумен катар коршаган ортаға тиімді әдістер аркылы Жер бетінде бүкіл тіршілік атауын, адам дамуының биологиялык жэне әлеуметтік дамуын жақсарту жолдарын да карастырады. Эко- логияның басты багыты ретінде әлеуметтік экология филосо- фиялык, әлеуметтік-экономикалык, этикалык аспектілері баска бағыттармен тольщтырылатын кешенді ғылым. Мысалы, тарихи экология, мәдениет экологиясы, экология жэне экономика, экология жэне саясат, экология жэне мораль, экология жэне кұкык, экологиялык акпарат жэне т.б. Әлеуметтік экологиямен байланысты бағыттардың бірі, тір- шілік ортасы мен табиғи ресурстарды пайдаланудың нормаларын дайындайтын қолданбалы экология болып табылады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==