Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

5-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ Қазіргі таңда негізгі ғаламдык экологиялык мэселелердің бірі - табигат байлыктарын үнемді пайдалану мәселелері болып отыр. Өйткені біз коршаган ортамен үнемі байланыста болып табиғатка эсер етіп отырмыз. Адамзат коршаган ортаға антропогендік өзге- рістер әкеліп, одан көптеп пайда көріп отыр: ауыл шаруашылыгы жэне өнеркэсіп дамуда, қалалар салынып, ландшафтар көркейіп жатыр. Алайда антропогендік әсердің коршаған ортаға жағымсыз жактары да болып жатыр. Мұндай келеңсіз экологиялык жагдай- лар гылыми-техникалық прогрестің, коғам дамуының эрекеттері емес, болып жатқан технологиялык жэне экологиялык саясатка, экологиялык білімнің томен болуына, кейбір техникалык және экологиялык шешімдердің дұрыс болмауына байланысты. Табиги байлыктарды ысырапты пайдалану, өнеркәсіп жэне тұрмыстык калдыктар, автокөліктерден шығатын газдар және т.б. биосфераны мейлінше ластауда. Биосфераның барлық компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты. Экологиялык тізбектің бір жерінде болган өзгерістер тізбектің баска да жерінде міндетті түрде байқалады. Біртұтас жүйе ретінде биосфера дамуының жалпы заңдылыктарын білмеу, әлеуметтік деңгейде ол кағидаларды ескермеу адамзатты ауыр жағдайларға алып келетінін естен шыгармауымыз керек. 5.1 Табиги ресурстар жэне олардын классификациясы Табиги ресурстар - адамның өз мұктажын қамтамасыз ету жэне көздеген максатына жету үшін пайдаланатын коршаған ортадағы заттардың, күбылыстардың, табиги денелердін жиын- тыгы. Оларға ауа, күн, жел, су, жер, орман, табиги кұрылыс материалдары, пайдалы казбалар және т.б. жатады. Табиги ресурстардың бірінші белгісі - олардың түрі. Бұл белгіге сәйкес олар табиги құбылыстар (күн энергиясы, жел, мұхиттардағы судың келуі мен кайтымы), өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі. табиги заттар (су, ауа, топырак) және пайдаіы ңазбаіар (мұнай, алтын, т.б. әртүрлі рудалар) болып бөлінеді. Сонымен катар пайдалы казбалар пайдалануға дайын (көмір,

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==