Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Қоршаған орта ластануының және халық денсаулыгына эсерін ластанған жердегі әлеуметтік киыншылыктарға алып келуіне бай- ланысты мына жайттарға көңіл бөлген жөн: - қазіргі кездегі радиациялык жагдай, сейсмикалық әсері, жер асты суларының өзгеруі; - Шығыс Қазакстандағы радиациялык жағдайға Қытайдагы Лобнор полигонының әсері; - Нұра өзенінің сынап косылыстарымен ластануы, Ертіс өзенінің сынап тұздарымен ластану қаупі; - ауадағы мышьяк, талий, марганец, мырыш, корғасын жэне т.б. ШРК-ден бірнеше есе жоғары болуына жол бермеу; - мұнай кен орындарындағы топырақ пен судың ластануы; - Байқоңыр космодромы территориясының апаттардан, озон кабатының бұзылуынан ластануы; - Арал теңізіне байланысты климаттык жағдайлардың өзге- руіне алып келген экологиялык апат. Мемлекеттің экологиялык қауіпсіздігі үшін табиғи жэне техногенді сипатты төтенше жагдайлардың пайда болуы қауіпті болып саналады. Қоршаған орта мен адам денсаулыгына келетін кауіп жер сілкіну, сел, кар көшкіні, таскын су, өрт, кауіпті өнеркәсіп объектілеріндегі авариялар нэтижесінде болуы мүмкін. 1994 жылдан бері төтенше жағдайлар әсерінен Қазакстанда 40 мыңнан аса адам кайтыс болып, 250 мыңнан аса адамдар эртүрлі жарақаттар алды. Сарапшылардың айтуы бойынша төтенше жағдайлардан жыл сайын 25 млрд. теңге шығын келеді. Дер кезінде байқалмағандықтан экожүйелерге орман өрттері айтарлықтай зиян әкелуде. Орман өрттерімен күресетін тиімді авиациялык күрал-жабдықтар жетіспейді. Табиғи жэне техногенді сипатты төтенше жағдайлар әсерінен болатын экологиялык кауіпсіздікті камтамасыз ету үшін төтенше жағдайларды ескертудің және жоюдың мемлекеттік жүйесін жасап дамыту керек. Төтенше жағдайларды ескерту жэне жою бойынша шараларды орындау запа шеккендер санын жэне материалдык шыгынды азайтуға алып келеді. Қорытындылай келе, бірнеше міндеттерді

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==