көлдерге, ауа атмосферасына, яғни коршаған ортаның сапасына эсер етеді. Адамдар психологиясы солай, жер койнауынан өздеріне қажетті байлыктарды алады да, орнына ешнәрсе қайтармайды. Бұл өз кезегінде аймактағы экологиялық жағдайлардың ушыға түсуіне алып келеді. Әрине бұл тұста біздің коршаған ортаны корғау туралы заңдарымыздың да өз деңгейінде жұмыс істемейтінін айта кету керек. 4.7 Автокөліктерден бөлінетін заттар Қазіргі кезде қоршаган ортаға қолайсыз эсер ететін ластау- шылардың негізгі көзінің бірі - автокөліктер. Бензинмен жүретін эр автокөлік 15000 км жүргенде 4350 кг оттегі жұмсайды. Бүл жағ- дайда қоршаған ортаға 3250 кг көміртегі диоксиді, 530 кг көміртегі оксиді, 93 кг көмірсутектер, 27 кг азот оксидтері бөлінеді. Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жүтып, 800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот оксидін жэне 200 кг-дай эртүрлі көмірсутектерді атмосфераға бөледі. 47-сурет. Ірі калаларға тән ластанған ауа атмосферасы
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==