Атмосфералык ауа кұрамында күкірттің көп болуы металдардың таттануын (коррозия) үдете түсіп, ғимараттардың, ескерткіштердің, өнеркәсіп бұйымдарының сапасын төмендетеді. Өнеркэсіпті ау- дандарда, ауылды жерлермен салыстырғанда темір 20 есе, алюминий 100 есе тез таттанып бүзылады. Аса зиянды өнеркәсіп орындары - Өскемендегі корғасын- мырыш, Шымкенттегі қорғасын-фосфор, Тараздағы фосфор өнер- кэсіп орындары, Актөбедегі хром кәсіпорны. Атмосфералык ауа эсіресе Шығыс Қазакстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында катты ластанған. Сондай-ак ауа бассейнінің ластануы күкірттісутекті шикізат- тың жаңа орындарын игеруге де байланысты. Үлкен проблеманың бірі - көмірсутектерді өндіру кезіндегі табиғи жэне өндіру кезінде бөлінетін ілеспелі газдарды пайдаға асыру. Ілеспелі газдарды жағу кезінде атмосфераға парникті газдардың, азот, күкірт тотықта- рының көп мөлшері бөлінеді. Қазакстандағы экологиялык ахуалды соңғы кезде көптеген сарапшылар кауіпті деп айтып жүр. Қазакстан әлем елдерінің ішінде территория көлемі жөнінен 9 орында бола түра жакын уақытта экологиялык апат аймағы болуы әбден мүмкін. Рес- публикадағы бұл жағдайға негізінен антропотендік факторлар аркылы жетіп отырмыз. Бұл түсінікті де, өйткені Қазақстан қазіргі таңда газ, мүнай, уран, алтын жэне тағы баска да түсті металдардың коры жөнінен әлемдегі ең бай елдердің бірі. Қазіргі кездің өзінде Казахстан мына категориялар бойынша «ТОР 10» кұрамына кіреді: - вольфрам коры бойынша бірінші орын; - хромды жэне фосфорлы рудалардың коры бойынша екінші орын; - корғасын мен молибден коры бойынша төртінші орын; - жатпы темір рудасы коры бойынша сегізінші орын. Қазіргі таңда Қазакстан территориясында 14 перспективті мүнай бассейндері, 160 мүнай жэне газ кен орындары белгілі. Мұндай кеніштер сол пайдалы қазбаларды өндіруде, қайта өңдеуде және тасымалдауда эртүрлі ұлттык және шетелдік ком- паниялардың кызығушылығын танытатыны сөзсіз. Алайда, өнер- кәсіптің дамуы фауна мен флорага, топыракка, өзендер мен
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==