Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

калалар мен өнеркәсіп кешендері аумақтарында жер беті сула- рының ластану деңгейі нормадан бірнеше есе артады. Қоршаған ортага бөлініп жаткан қауіпті калдыктардың мөл- шерін азайту үшін нарықтык күштер мен экономикалык стимулдар жасалуы керек, яғни, калдыктардың мөлшерін азайту және оларды қайта өңделуі жұмыстары жүргізілуі керек. Бұл әрине дамушы елдер үшін қымбат та орындалуы киын болуы мүмкін. Тэртіп бүзғандар заң жүзінде катаң жазаланып, ал талапты орындагандарды керісінше, көтермелеу керек. Бүл үшін әдістердің түрі көп. мысалы: калдыктар туралы ұлттық саясаттың болуы; мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейінгі жэне басқарушылар мен инженерлер арасында барлык денгейде агарту- шылык жүмыстар жүргізу; калдыктардың кыскаруынан пайда болу үшін су, отын жэне баска да материалдарға дотацияны азайтудың үкімет саясатын жүргізу; ластану мөлшерін азайтатын техноло- гияларды енгізу жэне оларды жетілдіру жобаларына үкімет тара- пынан каржылай көмек көрсету; калдықтарды шығаруға мемле- кеттік салыктар және т.б. 4.6 Ауа бассейнінің ластануы Қазақстанда өндіру жэне кайта өңдеу өнеркэсібі дамыған. Соңғы жылдары бұл салалардың өсуі де қарқынды жүріп, ірі өнеркэсіп объектілері салынып, іске косылуда. Бұл өз кезегінде атмосфералық ауаның ластануына, жалпы Қазақстанның эколо- гиялык жағдайының нашарлауына эсер етуде. Көптеген жылдар бойы республика аумағында 22 миллиард тоннадан аса қалдықтар жиналып калды, оның үштен бірі улы заттар калдықтары. Бүл қалдыктардың негізгі бөлігі - тау-кен және тау-кен кайта өңдеу өнеркәсібінің, кара металлургия, мүнай-химия, құрылыс материал- дары өндіріс орындарының еншісіне тиеді. Ірі компаниялар мен үкімет тарапынан ауа атмосферасының ластануымен күресудің бағдарламалары жасалып жатқанымен, Қазақстанның экологиялык жағдайын жаксартуға бұл шаралар элі де болса жеткіліксіз болып отыр. Атмосфераның ластануы негізінен түсті металлургия, жылу энергетикасы, кара металлургия, транспорт жэне мүнай-газ кешен-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==