Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Мүшелік деңгей. Бірнеше кызмет аткаратын эртүрлі типтегі үлпалардың күрылымдык-функционалды бірігуі. Популяция - бір-бірімен жэне қоршаган ортамен байланыста болып белгілі бір ареалда тіршілік ететін, морфологиялык, физиологиялық, генетикалық және географиялық критерийлері ұксас, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяциялардың пайда болуын, популяция ішіндегі топтарды, олардың карым- қатынастарын, санын, өзгеруін жэне динамикасын демэкология саласы зерттейді. Популяция ұғымын гылымда алғаш рет дат генетигі В.Л. Иогансен қолданды. Т)Р - белгілі бір ареалда тіршілік ететін генофоны ортак, бір- бірімен шағылысып өнімді ұрпак беретін, морфо-физиологиялық белгілері ұксас популяциялар жиынтығы. Табиғатта эр түрге жататын популяциялар бірігіп биоценоз (грекше bios - өмір, тіршілік, koinos - жалпы, ортақ) немесе қауымдастық түзеді. Биоценоз - бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер топтары. Бұл ұғымды 1877 жылы неміс зоологы Карл Мебиус ұсынды. Биогеоценология (грекше bios - өмір, тіршілік, geo - жер, koinos - ортақ) - биогеоценоз ішіндегі экологиялык компоненттердің қарым-катынасын зерттейтін ғылым. Биогеоценоз - биоценозбен өз ара әсерде болатын атмосфера, гидросфера жэне литосфера бөліктері кіретін, яғни белгілі бір жерде тіршілік ететін тірі организмдер мен зат жэне энергия алмасу бойынша біріккен жер беті учаскесі. Биогеоценоз биосфераның элементарлык бірлігі болып табылады. Биогеоценоз көбіне «экожүйе» терминінің синонимі ретінде қолданылады. Бірақ бұл үғымдар бір-біріне сәйкес келе бермейді. Биогеоценоз ұғымын гылымда 1944 жылы академик В.Н. Сукачев колданды. Экожүйе (грекше oikos - үй, баспана, systema - бірігу) - бір- бірімен карым-катынастары заңдылык деп карастыруға болатын, бірге тіршілік ететін эр түрге жататын организмдер топтары мен олардың тіршілік ету жағдайларының жиынтығы, яғни зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалык компоненттер жиынтығы. Экожүйе үғымын 1935 жылы ағылшын ботанигі А.Д. Тенсли үсынды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==