Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Маңгыстау облысындағы радиоактивті және улы қалдыктар сакталған Қошкар-Ата көліндегі қойманың әсерінен жер асты сулары радиоактивті ластанган. Мұндагы радиациялык белсенділік сағатына 5000 микрорентгенге жетеді. Көлде окшаулайтын арнайы күрылгылар болмагандықтан, радиоактивті ластанған сулардың Каспий теңізіне құйылу қаупі бар. Сарапшылардың айтуъінша біраз жылдардан соң көлдің кебуінен түбінде 30 тоннаға жететін тұздар жинақталады. Қазіргі таңда Қошкар-Атада уран өндіретін кэсіп- орындардан бөлінген 400 миллион тоннадан аса улы жэне радиоактивті калдыктар жатыр. Сонымен катар ауыр металдардың көп мөлшері бар екені, ал топырақ кұрамында радионуклидтердің жогары концентрациясы бар екені анықталды. Республика территориясында уран өндіретін Солтүстік-Қазақстан, Бетпакдала. Іле, Каспий төңірегі сиякты бірнеше ірі орындар бар. Қоршаған ортаның радиациялык ластануы ядролық энергияны кандай мақсатта колданса да (бейбітшілік немесе әскери) жүреді. Ластану радиоактивті материалдар өндіретін немесе пайдаланатын обьектілердегі авариялар жэне радиоактивті рудалардағы жұмыс кезінде, радиоактивті қалдыктарды дұрыс сақтамау нәтижесінде, сондай-ак ядролык каруларды сынау жэне колдану кезінде болуы мүмкін. Өкінішке орай еліміздің Қорғаныс министрлігі де респуб- ликадағы экологиялык жағдайдың қиындауына септігін тигізуде. Мысалы, 2006 жылы қыркүйек айында Приозерск каласының маңындағы химиялық коймалардан 26 бөшке улы калдықтар, ал желтоксан айында қаладан 30 шакырым жерде белгісіз ракеталық жанармай және ок-дәрі корымы табылған. Ресми өкілдердің ай- туынша, бұл бүрынғы кеңес заманындағы Қорғаныс министрлігінің коймалары болса керек. Қаншамасы ракеталык жанармай жэне оқ- дәрі мөлшерінің жер астында жатқаны да белгісіз. Қазакстан аумағында радиоактивті ластану деңгейіне радондық ластанумен бірге, табиғи радиоактивтілік те өз үлесін қосуда. Өздігінен табиги көздер зиянды емес. Алайда кандай бүлақтан су ішуге, қандай материалды қүрылысқа пайдалануға болатынын білу керек. Табиғи көздердің ішіндегі ең қауіптісі - радондык ластану. Радон жер қыртысының эр жерінен бөлінеді, бірақ оның концентрациясы жер шарының эр жерінде әрқалай. Үндістан, Иран

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==