аурулар пайда болды. Өлімнің деңгейі жеті есе асып, бала туу саны азайды, өз-өзіне кол жүмсау жэне психикалык аурулар артты. Семей полигонынан баска Қазакстанның баска облыстарында да (28 жерде) эр жылдары куаты эртүрлі 38 ядролык жарылыстар болды. Мысалы, Атырау облысында 17 жарылыс болды. Сынактар жүргізілген 40 жыл ішінде Қазакстан ядролык апат аймағы болды. Мұның масштабы мен салдарлары әлі де болса белгісіз. Радио- активті ластануды жою үшін көптеген каржы жэне ондаган жылдар уакыт кетеді. Ядролык жарылыс кезінде сәулеленудің негізгі көздері бөліну өнімдері - нейтрондар, трансурандық элементтер жэне тритий болып табылады. Табиғи ортаға түскен радионуклидтердің ары қарай қандай күйде болатыны олардың ерігіштігіне, биологиялык мүмкіндігіне байланысты. Олардың топырак бетінен шайылып кетуі де жэне тамыр жүйесі аркылы өсімдікке түсуі де баяу жүреді. Республика аумағындағы радиоэкологиялык жағдайга эсер ететін факторлардың эртүрлі болуына карамастан негізгі радиа- циялык ластануға эсер ететіндер: - бүрынғы Семей ядролық сынак полигоны; - халык шаруашылығы максатында 1949-1961 жылдары жүргі- зілген ядролык сынактар; - атом-өнеркәсіптік кешендері кэсіпорындарының эсері; - Қытайдың «Лоб-Нор» полигонының әсері және т.б. Семей полигоны аумағында тіршілік үшін кауіпті: цезий-137, стронций-90, европий-152, 155, америций-241, плутоний-239, 240, кобальт-60 жасанды радиоизотоптары тараған. Республика территориясының радиациялық ластануына Қытай- дағы «Лоб-Нор» полигоны да эсер етті. Мүнда 25 ядролык жарылыс болғаны белгілі. Осы жарылыстың ыдыраған өнімдері екі бағытта тарайтыны аныкталған: 1. Шығыс бағыты бойынша жарылыстан соң 2-3 күннен соң жарылыс өнімдері Ресейдегі Приморск аймағы, Камчатка, Сахалин аркылы жер шарын айналып Европа Орта Азия жэне Қазакстан үстімен шамамен 40-50° ендіктер бойымен жылжиды. 2. Батыс бағыты бойынша радиоактивті қалдыктар Шығыс Қазақстан мен Орта Азияның солтүстік аумактарын ластайды. Радиациялык ластанудың қаупі негізінен караусыз калган объектілерден болып тұр. Қазакстандағы мұндай обьектілердің
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==