Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Жыл сайын осы «коксык төбелер» 1 миллиард тоннага кобею- де. Зиянды калдыктардың көп бөлігі (89%) жер бетіндегі арнайы қоймаларда жинақталған. Негізгі улы калдықтар Жезказған - 29,4%, Шығыс Қазакстан - 25,7%, Қостанай - 17%, Павлодар - 14,6% облыстарында шогырланган. Бұл көп мөлшерде жинакталған зиянды заттар адамдар жэне коршаған орта үшін қауіпті. Олардын ауаны, жерді, өзендер мен көлдерді, тіпті жер асты суларын да улайтыны белгілі. Қалдыктарды өңдеу Қазакстан бойынша Алматы каласында ғана жузеге асырылуда. Республикада өнеркэсіп, тұрмыстык жэне баска да калдыктарды есепке алу, оларды залалсыздандыру мен кому шаралары өте нашар дамыған. Оның үстіне мүндай калдықтар ешкандай коршаусыз ашык аспан астында жатыр. 2004 жылғы мәліметтер бойынша Қазакстанда қоршаган ортаға шығарылған улы калдықтар көлемі 3,58 миллион тоннага жетті. Статистика мәліметтері бойынша, бүгінгі күнде елімізде жиналып калган калдықтардың 10% ғана кайта өңделеді, 90% сол күйінде жатыр. Жалпы көптеген елдерде калдыктармен жүмыс істеуді ретке келтіріп отыратын заң кабылданған. Америкада да, Европа елдері мен Ресейде де мүндай заң бар. Өкінішке орай Қазақстанда ондай заң әзірге кабылданған жок. Осыған байланысты өнеркәсіптік және түрмыстык калдыктар мәселелерін шешу үшін осы калдыктарды баскаруды жетілдірудің сала бойынша жэне аймактык бағдарламаларын жасау кажет. 4.3 Радиоактивті ластану Қазақстанның экологиялық кауіпсіздігі үшін радиоактивті ластанудың каупі жоғары. Мұндай ластанудың көзі төртеу: - жұмыс істемейтін уран өндіретін жэне кайта өңдеу өнер- кәсібінің калдыктары (уран рудниктерінің орындары, скважиналар, сақтау коймалары, жэне т.б.); - ядролық каруды сынау нэтижесінде ластанған территориялар; - мұнай кұрал-жабдықтары мен мұнай өңдеу өнеркэсібінің калдыктары; - ядролык реакторлардың жұмысы нәтижесінде пайда болған калдыктар мен радиоизотопты өнімдер (иондалған сәулеленудің істен шыккан көздері).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==