Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

7) лимацидтер - эртүрлі моллюскалармен күресу үшін; 8) нематоцидтер - жүмыр қүрттармен күресу үшін; 9) фунгицидтер - топырактағы саңыраукұлақтармен күресу үшін. Сондай-ак пестицидтерге өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін пайдаланатын - дефолианттар, өсімдіктің артык гүлдерін құрту үшін - дефлоранттар, өсімдіктің дамуы мен өсуін реттейтін - химиялық заттар, арамшөптерді жою үшін - гербицидтер, насекомдар, кемірушілер және баска да жануарларды үркіту үшін колданылатын химиялық заттар - репелленттер, жою үшін алды- мен насекомдарды еліктіретін - аттрактанттар, насекомдарды жыныстық стерилдеу үшін колданатын - стеріаизаторларды жатқызады. Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының өнімдерін арттырғанымен топыракка, коршаған ортаға зиянды. Пестицидтердің ішінде - дихлордифенилтрихлор- этан (ДДТ) көп колданылады. Кезінде дүние жүзінде жыл сайын осы пестицидтің 100 мың тонна мөлшері шығарылып отырған. Соңғы жылдары АҚШ, ТМД елдерінде, Венгрияда, Швецияда, Нидерландыда жэне т.б. елдерде ДДТ-ның шығарылуы токта- тылған. Себебі ауыл шаруашылығына тигізетін пайдасынан эколо- гиялык тұрғыдан зияндылығы асып түскен. Жартылай ыдырау мерзімі 50 жылдан артық болғандыктан, қоршаған орта объекті- лерінде жинакталған ДДТ қоректік тізбек аркылы адамдар мен жануарлардың денесіне өткен. Осы жағдайдың салдарынан әсіресе балалар өлімі, тұрғындардың арасында баска да ауру түрлері көбейген. ДДТ-ның биосферада көп таралғаны соншалықты, Антарктидадағы пингвиндердің бауырынан да табылған. Сондықтан коршаған ортаның пестицидтермен ластануын азайту үшін өсімдіктерді корғаудың биологиялык эдістерін кеңінен қолдану керек. Табиғатты корғаудың басты механизмдерінің бірі гигиеналық жэне санитарлык-техникалык (немесе экологиялық) нормативтер негізінде санитарлык бакылауды жүргізу жэне ауа атмосферасы, су, топырак сапасын нормалау болып табылады. Нормалау - бұл ластанудың адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен денсаулығына әсерінің кауіпсіз деңгейлерін сипаттайтын жэне

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==