4-тарау. ЖЕРГІЛІКТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР 4Л Ластаушылар. пестицидтер, олардын түрлері және нормалау Негізгі ластаушылар жэне олардың классификациясы. Белгілі бір ортада сол жерге тэн емес, жана физикалық, химиялық жэне биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардын табиги орташа көпжылдық деңгейден жогары болуын ластану деп атаймыз. Ластаушы - коршаған ортаға эсер ету мөлшері табиги деңгейден жогары субъектілер (физикатык агент, химиялык зат, биологиялық түр). Ластану кез-келген агентпен болуы мүмкін. Тіпті ең таза агент те ластаушы болуы мүмкін, ягни, ластаушы дегеніміз табиғаттың өз тепе-теңдігінен шығуына алып келетін фактор. Шығу тегі бойынша ластану табиги жэне антропогенді (адам- ның катысуымен, өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруа- шылығы) болып келеді. Табиги ластану - табиги, әдетте үлкен апаттар, зілзалалар (жанартау атқылауы, жер сілкіну, орман өрттері. шанды қүйындар) нәтижесінде пайда болады. Өкінішке орай, өнеркәсіптің дамуына байланысты коршаган ортаның ластануы антропогендік ластану болып отыр. Оларды өз кезегінде жергілікті жэне галамдың деп белуге болады. Жергічікті ластану өнеркәсіп аймактарында немесе кала төңірегінде болуы мүмкін. Ғаламдық ластану үлкен кашыктыктарга тарап био- сфералык процестерге, Жерге эсер етеді. Антропогендік ластану адам қатысуымен, олардың тікелей немесе жанама эсер етуінен пайда болады. Атмосфералык ауаны ластаушылар - механикалық, химиялық, физикалыц, жэне биологиялық болып бөлінеді. Механикалық ластаушылар - шаң, коқыс. Олар органикалык отынды жақканда жэне қүрылыс материалдарын дайындау про- цестері кезінде пайда болады. Мұндай ластану кезіндегі ең қауіптісі диаметрі 0,005 мм-ге дейінгі бөлшектер. Көптеген аурулар ауаның шаң болуымен байланысты: өкпе қүрт ауруы (туберкулез), кеңірдектің аллергиялык аурулары және т.б.; ауадағы шаңның жогары концентрациясы мұрынның шырышты кабығының жүмы- сын нашарлатады, мұрыннан кан кетеді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==