Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

суғармалы жерлердің көбеюі, мал шаруашылыгы кешендері кала агромерациялары жэне т.б. үлкен ықпал етуде. Қазакстанда индустриалды өндірістің дамуы жэне пайдалы казбалар кен-орындарын игеру транспорттык жэне инженерлік инфрақұрылымдарды турғызу, су және жер ресурстарын ластау- мен, экожүйеге тікелей жэне жанама теріс эсер етумен катар жүргізілді. Мұнымен катар техногенді шөлдену процесіне атмо- сфералык ауаға зиянды заттарды бөлу, өсімдіктер жамылғысына улы өнеркәсіп шығарындыларының тікелей эсер етуі, автокөлік жэне темір жолдар, газ жэне мұнай кұбырлары, жоғары вольтті электржүйелерінің эсері де орын алды. Шөлдену процесіне территорияның 6% аумагын алып жатқан космос, әскери және бұрынғы ядролык сынақ аландары да ыкпал етуде. Егер оған ракеталардың ұшу трассаларын коссак бүл аймак одан да үлкейе түседі. Ракета жэне баска да үшу аппараттарының атмосферада толык жанбаған бөліктерінің қүлауы, аппараттардың кұлау аудандарында жэне үшу алаңдарында төгілетін улылығы жоғары ракеталық отындар, жанған оттегінің үлкен көлемі жэне ракеталардың үшу кезіндегі озон кабатын бұзуы да техногендік әсердің масштабын көрсетеді. Адамның шаруашылык кызметінің нәтижесінде өзендер мен баска да су айдындарының гидрологиялык режимінің бұзылуының колайсыз жактары болды. Өзендердің көптеген жерлерінде өзен суларының өзен алқаптарына көтерілуі төмендеді немесе мүлдем токтап қалды. Жер үсті және жер асты суларының гидравликалык байланыстары нашарлап, олардың деңгейі төмендеді. Осының бэрі өзен алкаптарының шөлейттеніп, ақпайтын көлдердің кебуі мен тұздануына алып келді. Шөлдену процесіне Сырдария, Іле сиякты ірі өзендер де ұшырады. Бүл өзен атырауларындағы көл жүйе- лерінің көлемі азайып, өсімдіктер жамылғысы мен топырак кабаты деградацияға ұшырап, балык корлары жэне жануарлар элемі өзгеріске үшырады. Шөлдену процесінің жағымсыз жактарының бірі - биоалуан- түрліліктің азаюы, яғни тіршілік ареалдарының қыскаруы жэне санының азаюы, фитоценотикалык белсенділіктің және көбею қабілетінің төмендеуі эсерінен жергілікті түрлер популяция- ларының санының азаюы немесе толықтай жойылуы.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==