рының жағдайын нашарлатып, ауылшаруашылығы өнімдерінің төмендеуіне алып келді. Сондыктан мемлекеттің алдында жер- лердің одан ары деградацияға ұшырауын токтатудың шаралары жасалып, жер және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері өткір болып тұр. Қазіргі таңдағы жердің жекешеленуіне байланысты халыкты шөлдену процесі туралы, бұл процестердің ел тұргындарының экономикалық жэне әлеуметтік жағдайына эсері туралы мүмкіндігінше толық акпараттармен камтамасыз ету керек. Қазакстанда шөлдену процесіне табиғи жэне антропогендік факторлар эсер етуде. Негізгі табиғи фактор - елдін климаттьщ кұргакшылыгы мен континенталдығы, кұмды (30 млн/га) және тұзды (127 млн/га) жерлердің ұлгаюына алып келетін су ре- сурстарының тапшылығы мен біркелкі орналаспауы, яғни, ішкі континенталдық ахуалы болып табылады. Қазакстанның бұл табиғи ерекшеліктері антропогендік әсерге тұрактылыгының әлсіз болуына алып келеді. Антропогендік факторлар - мал жайылымы, жер жыртып егін егу сияқты шаруашылық эрекеттерге, казбаларды өндіру, өнер- кэсіп, азаматтық жэне әскери обьектілерін салуға, пайдалануға, ормандар мен бұталарды қырқу, орман жэне дала өрттеріне, елді мекен айналасында қоқыс алаңдарын жасау, транспорт, топы- рак пен жер асты суларының улы заттармен ластануына байланысты. Өсімдіктер жамылғысының деградациясы - ормандардың, жайылымдар мен жем-шөп жинайтын аумақтардың деградацияға ұшырауынан болатын, жай көзге де көрінетін кең таралған процесс. Республиканың ормандар коры сексеуіл, орман жэне бұталарды қосканда бар болтаны 4,6%-ын құрайды. Ал шын мәнінде, тек агашты ормандар тек 2,3%-ды тана кұрайды. Агаштардың кырқылуы Рудный жэне оңтүстік Алтай ор- мандарында жақсы байқалады. Соңгы 40 жылда қылқан жапырақты ормандардың көлемі 7%, майқарагайлар 13%, ал Жоңғар жэне Іле Алатауында өсетін алмалардың көлемі 24%-та азайды. Өзен бойындагы орман-тотайлар да катты деградацията ұшы- рауда. Өзен агысының өзгеруі нэтижесінде топырак ылгалды- тының нашарлауына байланысты Оңтүстік Қазақстанның Шардара ауданындаты Сырдария өзенінің бойындагы тораңтының 1/3 бөлігі шеңгелді тоғайга ауысуда.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==