Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

мәліметтер бойынша 25 к\г) су және 150 мың тоннага жақын тұз түсуде. Каспий теңізінің бассейнінде 9 мемлекет - Әзірбайжан, Армения, Иран, Қазакстан, Ресей, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан және тәуелсіздігі толык мойындалмаған Оңтүстік Осетия елдері жатыр. Каспий теңізі бес мемлекеттің шекарасында орналаскан: - Ресей (Дағыстан, Калмыкия, және Астрахань облысы), батыс жэне солтүстік батыс бөлігінде, жагалау ұзындығы 695 км; - Қазакстан, солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде, жағалау ұзындығы 2320 км; - Түркіменстан, оңтүстік-шыгыс бөлігінде, жағалау ұзындығы 1200 км; - Иран, оңтүстік бөлігінде, жағалау ұзындығы 724 км; - Әзірбайжан, оңтүстік-батыс бөлігінде, жағалау ұзындығы 955 км. Каспий теңізінің су деңгейі өзгеріп отырады. Ғылыми деректер бойынша соңғы 3 мың жылда су деңгейінің өзгеру амплитудасы 15 метрді кұраған. Теңіз деңгейін үнемі, жүйелі түрде арнайы кұ- ралдармен есептеу 1837 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде судың жоғары деңгейі 1882 жылы (-25,2 м), ең төменгі деңгейі 1977 жылы (-29,0 м) тіркелген. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде төмендеуі жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Оның себептерін ауа райының кұбылысымен жэне антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Ғалымдар теңіз деңгейінің өзгеріп отыруын климаттық, геологиялық және антро- погендік эсерлермен байланыстырады. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйык су айдыны болғандықтан мүндағы орга- низмдердің көпшілігі эндемиктер. Теңіздің кұнды байлықтарының бірі - бекіре тұкымдас балыктар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70% осы теңіздің үлесіне тиеді. Каспий ойпаты өзінің табиғи ескерткіштерімен, өсімдіктер жэне жануарлар әлемінің көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мүнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==