проблемаларына арналған Халыкаралык экологиялык форумнан кейін «Қазакмыс» корпорациясы экологиялык таза өндіріске көшіп, коршаған ортаға бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін біршама азайтты. Көлге ластанган сулар тек мет&плургия комбинатынан ғана емес, Қытайдан да келуі аландатады. Қытай жак Іле өзенінен жылына 14,5 к\г' су алып жатыр. Синьцзян-¥йғыр автономиялык ауданындагы халык санының өсуіне байланысты келешекте бұл көрсеткішті 3-4 есеге көтеру жобаларында бар. Іле өзені суының соңгы кезде азаюының тағы бір себебі, кытайлыктар өз бөлігінде өзенге плотина салып жатыр. Мұнан баска шекаралас пункттерде өзен суында V класты ластаушыларга жататын мыс пен баска да заттардың жоғары мөлшері тіркелген. Сарапшылардың айтуы бойынша Тянь-Шань мұздыктарынан келетін сулардың мөлшері көбейгенімен, суды осылай көп жұмсау Балкашка келіп кұйылатын су мөлшерінің азаюына, ал ол өз кезегінде Балқаш көлінің екі бөлікке бөлініп келешекте шығыс бөлігінің кеуіп, кұруына алып келеді. Қазакстан мен Қытай арасындағы су мәселелері 2001 жылгы 12 кыркүйекте кол койылған «Казахстан және Қытай үкіметтері арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану жэне қорғау туралы келісім» бойынша реттеледі. 2007 жылы Балкашка келіп кұйылатын судың мөлшерін азайтпау максатында Қазакстан Қытайға 10 жылға азық-түлікті жеңілдетілген багамен жеткізуге ұсыныс жасады. Алайда Қытай бұл ұсынысты кабылдамады. 3.5 Каспий теңізі Каспий теңізі - Жер бетіндегі ең үлкен көл. Европа мен Азия шекараларында, теңіз бетінен 28 метр томен орналаскан. Оның көлемі - 371 мың км2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығыска дейін 196-435 км аралыкты алып жатыр. Ең терең жері - 1025 м. Теңізге Волга, Орал, Терек, Кура, Ембі, Самур. Атрек жэне баска да озендер (130 өзен) келіп қүяды. Кейбір гипотеза бойынша теңіздің атауы біздің дэуірімізге дейін теңіздін оңтүстік-батыс бөлігінде тіршілік еткен ертедегі каспи тайпасы болтан деген жорамал бар. Каспий теңізіндегі үлкен түбектер:
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==