Сырткы орта жагдайларының жануарлардың кұрылысына әсері туралы мэселелерді XVIII ғ. екінші жартысында француз жаратылыстанушысы Ж. Бюффон өз зерттеулерінде карастырды. Оның ойынша, бір түрдің екінші түрге айналуының себебі - «орта температурасы, қорек сапасы жэне колға үйрету», - деп санады. Алгашкы эволюциялык ілімнің авторы Жан Батист Ламарк (1744-1829 жж.) «сырткы жағдайлардың» әсері - өсімдіктер мен жануарлар эволюциясында, организмдердің бейімделуге өзгер- гіштігінің басты себебі деп есептеді. Жер шарындағы ауа райының өзгеруі ондагы тіршілік ететін жануарлар жэне өсімдіктер элеміне эсер ететінін, бір сөзбен айтканда, коршаган ортадағы жансыз және жанды компоненттердің өз ара тығыз байланыста болатынын XVIII ғ. Ресей ғалымдары да өз еңбектерінде көрсетті. Мысалы, орыстың атакты ғатымы М.В. Ломоносов «Жер кыртысы туралы» трактатында «... адам- дардың көбісінің табиғатта көргеннің бэрі жаратушының күды- ретімен жасалған деп ойлаулары бекер...» деп атап көрсеггі. Ол табиғаттагы өзгерістер тек өсімдіктер мен жануарлар элемінің тікелей катысуының нэтижесі деп санады. Әр кезеңдегі жануар- лардың өлі сүйектерін зерттей отырып, олардың тіршілік еткен табиги жағдайлары туралы тұжырым жасады. XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында қоршаған орта құбылысын зерттеушілердің саны бірте-бірте арта түсті. Экология гылымы дамуының екінші кезеңі ботаникалык-географиялык ірі-ірі көлемді зерттеулерге ұласты. Өсімдіктер экологиясының негізін калау мэртебесі неміс ғалымы А. Гумбольдтің (1769-1859 жж.) еншісіне тиді. Ол 1807 жылы Орталық жэне Оңтүстік Америкада жүргізген көпжылдык зерттеуі негізінде «Өсімдіктер географиясы туралы ойлар» деген еңбегін жарыкка шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа райының жағдайына, әсіресе температуралық факторға байланысты екендігін түсіндірді. Бертін келе бүл ойлар орыс ғалымдары К.Ф. Рульенің (1814-1858 жж.), Н.А. Северцовтын (1827-1885 жж.), А.Н. Бекетовтың (1825-1902 жж.) еңбектерінде одан эрі жетілдіріліп, тереңдетіле түсті. Экология, жалпы бүкіл биология ғылымының одан эрі дамуына, эволюциялық ілімінің негізін салушы ағылшын ғалымы Ч. Дарвин (1809-1882 жж.) зерттеулерінің маңызы зор. 1859 жылы Ч. Дарвиннің «Табиғи сүрыпталу жэне түрлердің шығу тегі»
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==