10-15% жер жарамсыз болуда. Жайылымдардың өнімділігі 2-3 есеге тө.мендеп, ауылшаруашылык өнімдерінің мөлшері кыскарды. 29-сурет. Суы тартылган Арат теңізінін орны 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру колға алынды. Осы аймактагы игерілген жер көлемі Өзбекстан мен Тәжікстанда бұрынғыдан 1,5 есеге, Түрікменстанда 2,4 есеге, Қазакстанда 1,7 есеге өсті. 1971-75 жылдары сугарылатын жер көлемі Фергана жазыгында 1,1 млн гектарға дейін, Оңтүстік Қазақстан облысында - 427 мың, Қызылорда облысында - 228 мың гектарга үлкейді. Сырдария өзенінің су ағысы 1950-70 жылдары Қайраққүм (4,2 км3), Шардара (5,7 км3), Шарбак (2,0 км3), Әндіжан (1,7 км3) су коймаларымен реттеліп отырды. Ал Амудария мен Сырдария бойындагы халыктың саны 1960- 87 жылдар аралыгында 2,2 есеге артты. Игерілетін жер көлемінің артуымен, халык санының өсуімен суға деген кажеттілік те артты. Осыған орай 1970-80 жылдар аралыгында Аралға кұйылатын су мөлшері азайды. Салдарынан Аралкұм пайда болып, ол жердің климаты да өзгере бастады, яғни кысы суық, жазы ыстык болып барады. Екі өзен бойындагы суды мол кажет ететін күріш пен макта өсіру ісі каркындап дамыды. 1960-65 жылдары Арал теңізіне жылына 44 мың м3су күйылса, 1990 жылдары бүл екі есеге азайды.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==