Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Қазакстанда химиялык шикізаттың да коры мол. Калий және баска да тұздардың бораттардың, бром косылыстарының, суль- фаттардың, фосфориттердің лакбояу өнеркәсібі үшін кажетті эртүрлі шикізаттың кен орындары бар. Мүнан баска минералды, емдік және термалды сулардың корлары да жетерлік. Қазакстан территориясында ірі элемдік космодром - Байкоңыр орналаскан. өкінішке орай, ядролык сынактарды сынаган - Семей полигоны да бар. Қазакстан халқының кауіпсіздігі үшін негізгі экологиялык проблемалар су ресурсын пайдалануға, радиация әсеріне жэне қалдықтарға байланысты. Арал теңізі негізгі экологиялык катастрофа және әлеуметтік- экономикалык проблема эпицентрі болып отыр. Сумей камтамасыз ету жэне онын сапасы Қазакстанда алаңдатушылык туғызуда жэне орнықты даму үшін Ұлттык жоспарда коршаған ортаны корғаудың негізгі бағытгарының бірі. Сәулеленуге үшырау мәселелері Қазақстан территориясында бұрынгы Одақтың ядролык полигондардың болуына байланысты. Сондай-ак тазаланбаган өнеркәсіп калдыктарының көптеп бөлінуі де үлкен экологиялык проблемалар тутызуда. Сонымен катар топырак пен ландшафтардың деградацияға үшырауы (республиканың 60%-дан астам жері шөлденуге үшыраган), су ресурстарының жетіспеуі (сумей камтамасыз жөнінде Қазакстан ТМД елдерінің ішінде соңгы орында), елдегі су айдындарының экологиялык мәселелері, елді мекендердегі атмо- сфералық ауа мен топырактың ластануы, биологиялык әралуан- дылыктың азаюы да өзекті мэселелер болып отыр. Қазакстандагы экологиялык проблематардың классификация- сын коршаган ортаға тигізетін әсеріне байланысты бірнеше топтарға бөлуге болады: 1. Ғаламдык экологиялык проблемалар (барлык проблема- лардың нэтижесінде болатын климаттың жылынуы, парникті эффект, озон кабаты жэне т.б.). 2. Үлттық экологиялык проблемалар (Арал, Семей аймактары). 3. Тарихи ластану. 4. Су ресурстарының азаюы жэне ластануы, сондай-ак Каспий теңізі шельфіндегі ресурстарды игеруге байланысты проблемалар. 5. Трансшекаралык экологиялык проблемалар.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==