Орта Азиядагы жергілікті гүргындар өте ертеден бері жолбарыстармен катар тіршілік етіп келген. Жолбарыстар санының азайып. популяцияларының кұрып кетуі осы өңірлерге орыстардың коныс аударуына байланысты. Аймақтагы орыс әкімшіліктері бұл жырткыштарды жоюға үлкен ыкпал еткен. Мысалы, 1883 жылы 27 ақпанда Түркістан эскери округінің штаб бастығы Ташкент пен Чиназ арасында жолбарыстарды коршап аулауға бұйрык берген. Бұл үшін 12-ші Түркістан батальонының әскери бөлімдері жұмылдырылған. Ташкент төңірегінде соңғы жолбарысты князь Голицин 1906 жылы атып өлтірген. Осы өлген жолбарыс терісі өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін Ташкенттегі табиғат музейінде сақталған. Кейін өрт кесірінен музейдегі көптеген экспонаттармен бірге өртеніп кеткен. Соңғы рет түран жолбарысын Амудария өзенінің атырауында 1958 жылы көрген. Бұл әрине жолбарыстың кұрып кетуіне косымша эсер етті. Негізінен өзен аңгарларындағы жерлерді мэдени дакылдар егуде көптеп пайдалану жолбарыстардың негізгі корегі - тоғайларда тіршілік ететін жабайы жануарлардың (еліктер мен жабайы шошкалар) кұруына байланысты. Пысыктау сүрактары: 1. Қазіргі таңда кандай ғаламдык проблемалар бар жэне оны кандай ғылым саласы зерттейді? 2. Жер бетінде халык санының өсуі кандай жагдайларға алып келуі мүмкін? 3. «Демографиялык жарылыс» дегеніміз не жэне кай уакытта басталды? 4. Мальтус теориясын калай түсінесің? 5. «Жасыл революция» жэне оның оң жэне теріс әсерлері кандай? 6. Тұщы судын тапшылығы неге алып келеді және мұны неге ғаламдык проблема ретінде карастыруға болады? 7. Шөлдену дегеніміз не жэне оның түрлері мен пайда болу се- бептері кандай? 8. Экологиялык проблемалардың кандай аспектілері бар? 9. Климаттың ғаламдык жылынуының себептері кандай? 10. Ғаламдык жылынудың салдары кандай болуы мүмкін? 11. Киото хаттамасының кандай ерекшеліктері бар? 12. Озоносфера дегеніміз кандай кабат жэне оның бұзылуына алып келетін кандай себептерді білесің?
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==