2. Ғылыми-техникалык себептер. Ластанудын негізгі бөлігі казіргі таңдағы ғылыми-техникалык киыншылыктарға байланысты. Ғылым, техника жэне технологияның дамуы осы киыншылыктарды жеңу үшін маңызды болуы шарт. 3. Экологиялык білімнің төмен болуы. Қазіргі кезде жара- тылыстану ғылымдарының негізін білмейтін жауапты техникалык шешім кабылдайтын адамдар коғам үшін кауіпті. 4. Мәдениет пен өнегелілік деңгейінің төмен болуы. Қазіргі таңда әрбір адам тек экологиялык сауатты болып қана коймай. табиғатка экеліп жаткан зияндылыкты сезініп жауаптылыкпен карауы керек. 2.12 Орман алкаптарының азаюы Қазіргі танда Жер бетінің шамамен 30%-ын немесе 3,2 миллиард гектар жерін ормандар алып жатыр. Ормандардың азаюы жөнінде баска да экологиялык проблемалар сияқты көп айты- лады. Орманды алкаптар көлемінің азаюы немесе ормансыздану - орманды алкаптардың өсімдіктер жабыны жок жайылым, кала, бос жерлер сиякты жер бөліктеріне айналу процесін айтады. Ор- мансызданудың негізгі себебі - жаңа агаштар екпей, ормандарды кырку. Одан баска ормандар өрт, катты дауыл жел, су басу сиякты табиги себептерден жэне қышқыл жаңбырлар сиякты антро- погендік әсерден де жойылуы мүмкін. Ормандардың азаю процесі жер шарының көптеген бөлік- терінде өзекті мэселелер болып табылады. Өйткені экологиялык, климаттык жэне әлеуметтік-экономикалык зардаптарға алып келуі мүмкін. Сондай-ак орманды алкаптардың жаппай кыркылуы биологиялык алуантүрліліктің азаюына, өнеркәсіптік пайдаіану үшін ағаштардың корына, тіршілік сапасына жэне фотосинтездің төмендеуінен парникті эффектіге алып келеді. Өсімдіктер - 300 000 аса түрлері бар табигаттың ерекше патшалығы Жер бетінде тіршілікті камтамасыз етуде үлкен роль аткарады. Ормандардың планетада орналасуы біркелкі емес. Олар негізінен Солтүстік жарты шардың орта ендіктерінде, тропикалык аймақтарында жалпы ормандар ауданының сәйкесінше 54% жэне 46% кұрайды.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==