араласпгыру керек. Қыртыс май, төстік араластырған соң да өздёрінің алгашқы формасын сакдауы керек. Қыртыс майсыз бір тектес тураманы куттерде араластырады. Қыртыс майлы тураманы араластырғышта дайындайды. Араласгырғыштар қалақтарының өлшеміне, формасына қарай және босату әдісіне қарай бөлінеді. Тұраманың тығыздығын эрі біртектілігін қамтамасыз ету үшін оны вакуумда араластыру тиімді. Бүл үшін вакуумараластырғыштар қолданылады. Тураманы қабықшаға толтыру немесе қалыптау Дайын болған фаршты шүжық батондарын дайындауға жібереді. Шұжық фаршын табиғи жэне белоктық, жасанды қабықшаларға тығындайды. Табиғи ішек қабықшаларын тығыңцар алдында астаудағы суға салып қояды, сонан соң жақсылап жуады, олардың түтастығын және беріктігін тексереді. Тураманы тыгындауға арналған шприцтер насос принципі бойынша жұмыс істейді. Қабықшаны турамамен толтыру үшін оны металл түтікшеге (цевка) кигізеді. Цевка - шприцтің аузына бекітілген металл түтікше. Қабықшаның диаметріне ңевканың диаметрі дэл келуі керек (16-60 мм). Шприцтер бір, екі және көп түтікшелі болуы мүмкін. Тураманы шұжыктың түріне байланысты эр түрлі қысыммен қабықшаға толтырады. Пісірген шұжықтарды аз қысыммен тығындайды, өйткені пісірген кезде фарш көлемін үлғайтады. Ысталған шұжықгарды, керісінше көп қысымда тығындайды, өйткені кептіру кезінде батондардың көлемі қатты кішірейеді. Тығыз болу үшін батондарды кендір жіппен (шпагат) байлайды. Байлауына қарап шүжықтың түрін анықтауга болады. Сосискаларды байламайды, айналдырады. Бұл операция механикаландырылған. Шұжықгарды байлау үстелін шприцтерге тигізе қояды. Шприцтеу кезінде фаршпен бірге қабықшаға ауа да кіріп кетеді. Ауаны шыгару үшін қабықшаны арнаулы істікпен шанышқылайды. Бұл процесс штриктеу деп аталады. Вискоз, целлофан қабықшаларды тесуге болмайды. Байлаған сон батондарды таяқгарға іліп, рамаларға қояды. Бір рамада бір түрлі ғана шүжық орналастырылады (100-250 кг). Батондар бір - біріне тимеу керек.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==