Қой етінен тек сіңірлер мен қан ұйыған жерлерді алып тастайды. Сүйексіз етгі майлы жэне майсыз деп екі сортқа бөледі. Майлы етке тері асты майы бар ет жатады. Шошқаның қыртыс майын сатуга арналған (тұздалған), (ысталған) венгер майы жэне шұжықтық деп бөледі. Сатуга арналган қыртыс майдың бетінде оның салмағының 5% дейін ет болуы рұқсат етіледі. Майдың кесектері - Ікг аз емес, қалындығы 2,5 см - ден көп болуға тиіс. Ысталган қыртыс май үшін салмағы 0,5 кг кем емес, қалыңдыгы 6-10 см шошқа майы қолданылады. Шошқа етінен бөліп алган соң, ары қарай қолданылуына байланысты, қыртыс майды тұздауга, немесе тоңазытып және мұздатып сақгауға жібереді. Шошқаның кесінді майларын шыжгыруға, немесе котлет жасауға жібереді. Біріктіргіш ұлпаның тамаққа жарамды бөліктерін ұйыма жэне зельц жасауга қолданады. Тамаққа жарамайтын кесінділер жем жэне техникапық өнімдер цехіне жем ұнын жасауга пайдаланылады. Етті сылу жэне сіңірден айыру жүргізілетін жерде санитариялық жағдайы өте жоғары болуы керек. Шикізат цехінде температура 10-12° С жоғары емес, ауаның салыстырмалы ылгалдылығы 75-80%. Ірі кәсіпорындарда етті мүшелеудің сылудын және айырудың конвейерлі жүйелері қолданылады, ол шикізаг цехінен барлық тасымалдау операциясын механикаландыруға мүмкіншілік береді. Конвейердің бірінші жартысында —етгі сылу үстелдері, екіншіде - етті сіңірден айыру үстелдері бар. Конвейерлер екі және бір таспалы болып келеді. Екі таспалы конвейерде жоғары таспа ет мүшелері мен сүйекті, төменгі таспа - сіңірден айрылган етгі тасымалдайды. Сүйектер тасымалдау конвейерінің сонында түсіріледі. Етті сүйектен сылу - өте ауыр жұмыс. Оны жеңілдету үшін әдеттегі пышақтың орнына дөңгелек пышақтар (серпімді білікте орналасқан) қолдануға болады. Еңбек өнімділігі бүл жағдайда екі есе артады. Сонымен қатар, етті сылу үшін механикалық қондырғалар қолдануға болады. Бүл машиналарда қысу-сығу эдісі қолданылған. Машиналардың екі негізгі түрі бар - таспалы жэне шнек тэрізді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==