Әуелі малды жай, тәулігіне 6-8 километрлік жылдамдықпен гана айдайды, содан соң оны 10-12 километрге дейін көбейтеді. Сонымен бірге жолдың жекелеген жерлерінде жыпдамдық та эр түрлі болады, яғни жайылымы жақсы жерлерде қойды баяу айдайды да, жайылымы нашар, суаты жоқ жерлерден тез айдап өтеді. Малды айдау кезінде төмендегідей күн тэртібін сактау керек. Күн шыға малды суарып альт айдайды. Егер жайылым жақсы болса, қойды жая отырып жылжытады. 1,2-2 сағат айдағаннан кейін қойды аздап (30-40 минут) тыныктырады. Тал түсте жэне ысгық қайтқанша біраз уақыт (4-5 сағат) тынықтыруға болады. Жолдың шөбі шұрайлы жерлерде күндіз эрбір 4-5 сағат айдаган сайын малды тынықтырып отырады. Егер қой салқын күндері айдалса, түстегі тъшықтыру уақьггы 1,5-2 сағатқа дейін қысқартылады. Тынығып болғаннан кейін отарды қас қарайғанша жайпап айдай береді. Қойдың түнегіне ыстық күндері биік, жел жақсы соғып тұратын, күн түспейтін жерлер, ал салқын күндері, керісінше ойлы, жел соқпайтын жерлер таңдалып алынады. Малды айдаған кезде оны суаруға көп көңіл бөлу қажет. Тәжірибелердің көрсетуінше ыстық күндері жэне құрғақ шөпті жайылымдарда багылғанда қойды күніне 2-3 рет, балғын шөпті жайылымда және салқын күндері баққанда күніне 1-2 рет, онда да тек қана малды тынықгырып барып суарады. Өйткені мал ыстықтай суарылса, оларға суық тез тиеді. Малға бұлақ суы мен өзен суын пайдаланғанда суды таза ұстау үшін отарды жоғары, алысқа қарай қозғайды. Егер айдау кезінде қой қоңцылығы мен тірілей салмағын төмендетіп алса, эр қойға тәулігіне 0,2-0,4 кг есебімен жем беріледі. Жолдың жайылымы нашар жерлерінде күні бүрын ірі, балғын және жемазықтары бар жем-шөп алаңын ұйымдастыру керек. Соңғы жылдары малды сою пунктеріне автокөлікпен: кәдімгі жүк таситын машинамен, қорабы биіктетілген тіркемелермен, сонымен бірге қойды екі қабатқа орналастыратын арнаулы автомашинамен тасу кеңінен қолданылып жүр. Әр түрлі маркалы арнаулы машиналарды сынаудың негіздеріне сүйене отырьт, Бүкілодақгық ег өнеркәсібі ғылыми-зертгеу институты тасылатын малдың эрбір 100 кг тірі салмағына орта
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==