Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

нәтижелері мен ветеринариялық байқауда ет тамаққа пайдалануга жарамды деп табылса, ол шартгы түрде жарамды деп қабылданады да, ветеринариялық-санитариялық сараіггаманың ережесінде көрсетілген тэртіп бойынша залалсыздандыруга жіберіледі. Ет сатып алу жоспарын орындау үшін малдың тірідей салмагын есегггеу төмендегідей коэффициент бойынша есептелінеді: қой, жэне ешкі етінің бірінші категориясы - 2,1, екінші категориясы - 2,2. Қырқьшғаннан кейін қойды егер биязы, биязылау жэне ұяң жүнді қой жүнінің ұзындығы 1 сантиметрден, ал қылшықгы қой жүнінің үзындыгы 2,5 сантиметрден асқанда етке тапсырады жэне қабылдайды. Етке өткізілетін эрбір қой тобына белгіленген пішінде ветеринариялық куэлік пен ветеринариялық бақылау анықтамасын, отардың тізімдемесін, малды темір жолмен жөнелткен кездегі жол журналын беруге міндетгі. Ал малды айдаган кезде мал өткізушілер ондай жол бір тәуліктен асып кетсе ғана береді. Шаруашылыісгар опгардың тізімдемесін үш дана етіп жасайды да, оның біреуі аға мал айдаушыга (отарды басқарушыға) тапсырылады. Ал екінші данасы конвертхе салынып, қабылдау пунктіне немесе ет комбинатына берілуге тиісті. Отар тізімдемесінің үшінші данасы мал қабыдцап алган қабылдаушының тиісті белгісімен шаруашылыққа қайтарылады. Отардың тізімдемесі қоңцылығы мал топтары бойынша ірі қойға бір белек жасалады. Етке өткізілетін мал шаруашылыкга соңғы рет азықтандырылып-суарылғаннан кейін кемінде үш сағаттан соң өлшенеді. Қойды сою пунктіне өткізерде мал басын сақтау жэне кей жағдайларда бордақылау мен жайып семірту нэтижелерін жақсарту үшін мал айдауды жақсы ұйымдастыру қажет. Айдалатын малдың денсаулығы мықты әрі семіз болуға тиісті. Ауру, буаз және аяқтарының жарақаты бар ақсақ малды алысқа айдауга болмайды. Айдалатын отар мүмкіндігіне қарай түрі, жынысы, жасы бірдей малдан жинақталғаны дұрыс. Қажет болтан реттерде бір отарға саулықгар мен ісектерді, қошқарлар мен ісектерді ғана жіберуге болады. Ашық даламен айдалса 1 отардың мөлшері 800-1000 қойдан, ойлы-қырлы немесе жайылымы онша емес жерлермен айдалса - 500-600 кейде бұдан аз қойдан түрады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==