Экстракция - май шикізатынан майды үшпалы майеріткіштермен бөлу. Бұл эдістің артықшылығы - майды толығымен айырып алады, кемшілігі - бағасы қымбат әрі жарылғыш еріткіштермен жұмыс істеу қажет. Ет өнеркәсібінде бұл эдіс желім жэне желатин өндірісінде шикізатгы майсыздандыру үшін қолданылады. Біраз уақыт бұрын сүйектен май алудың гидромеханикалық тәсілі қолданыла бастады. Ол май клеткаларының қабырғаларын импульспен бүзып, олардан май шығаруға негізделген. Гидравликалық импульстардың көзі ретінде айналып тұратын балғалар немесе ұрғыштар (билы) қолданылады. Май шығару қыздырусыз іске асырылады, сондықтан алынған майдың және сүйектегі коллагеннің сапасы жақсы. Зертгеулер көрсеткендей, майдың шыгуы гидравликалық импульс пен пайда болтан кавитацияныц нәтижесі болып табылады. Майдың өте таза алынуына қарамастан (қалдыты-2 % ), сүйектің өте үсақталып кетуі қиыншьшық туғызады. 30 % -ке дейін жеткен ұсақ сүйекті желім және желатин өндіруге қолдану қиын. Импульс разрядын май алуда қолдану сумей кетіп қалатын май мөлшерін, аса ұсатылып кететін сүйекті жэне электр энергиясы шыгынын 1,5-2 есе азайтады. Сүйек пен судың ара қатынасы 1:2 ден 1:4-ке дейін болғанда аталған көрсеткіштерге қол жеткізеді. Гидромеханикалық эдіс үсақталған сүйекке гидромеханикалық эсер етуге негізделген- кавитациялық импульстер мен үлкен жиіліктегі күпггі гидравликалық соққылардың әсерінен май клеткалары, жарпгылай сүйек үлпасы бүзылып, шыққан май су-май эмульсиясын тузеді. Сүйек пен суды қыздырмай-ақ бірнеше секундтың ішінде май алынады. Балғалы үсатқышта сүйекті алдын-ала үсату дэрежесіне жэне импульстердің күшіне байланысты майдың 90 пайызы шығарылады. Әдістің кемшілігі —сүйек тым үсақталып кетеді, оны желатин өндірісінде қолдану қиындайды. Май өндіру кезінде қүрғақ (сусыз) жэне ьшғал (шикізат мөлшеріне 20-50 пайыз су қосу) еріту (шыжғыру) әдістері қолданылады. Қүргақ эдіс атмосфералық қысым кезінде (ашық қазандықгарда), үлкен қысымда (автоклавта), вакуумда (вакуум- көлбеу қазандықтарда) іске асырылады. Ылғал эдіс атмосфералық және жоғары қысымда қолданылады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==