алынады. Өңдек алдында май шикізатын түріне жэне майлылығына байланысты сұрыптайды. Тамақгық ерітілген майлар алу үшін тек қана таза, малдәрігерлік сараптаудан өткен сау мапдан алынған шикізат қолданылады. Май шикізаты қаннан, ластан, ішек пен қарынның ішіндегіден, ет кесіндісінен, ішек, безден таза болу керек. Шикізатты 2-3 тәулік төменгі оң температурада жақсы ауа алмасу кезінде сақтауға болады. ¥зақ сақтау үшін (3-4 айға дейін) шикізатты мұздатады немесе гүздайды. Өңдеу алдында май шикізатын міндетті түрде жуу қажет. Қатты май шикізаты - сүйекті қуыс (жіліктер), желатин (жаппақ сүйектер) алатын және желім алатын (күрделі сүйектер) деп бөледі. Сүйек майын алу үшін көп май беретін, бірақ тамақтық мақсагта (кеже жиынтығы) қолданылмайтын сүйектер пайдаланылады. Сүйек майын көбінесе сиыр сүйектерінен алады. Сүйек жаңа алынған, таза, ет қалдықтарынан ажыратылған болу керек, оны еттен ажыратқан соң - 4-6 сағат ішінде өңдеу керек. Технологиялық үрдіс. Май өндіру төмендегі операциялардан түрады: шикізатгы дайындау, майды бөліп алу, шыжықты өңдеу, майды тазалау, сапқындату, буып-түю жэне сақтау. Жиналған май шикізатын жарты сағаттай ағынды суда жуады. Осы кезде шикізатты суға бататын жэне батпайтын деп екіге бөледі. Жуу жэне салқындатуды темір астауларда (чан) жүргізеді. Жуу ағып шыққан су тазарғанда аяқталады. Май шикізатын қатты кысылған ауа күшімен көлбеу қүбырлар арқылы, аспалы шөміштерде немесе арбашалармен тасымалдайды. Шикізатты температурасы 2-4°С суда 5 сағат салқындатады, бірақ суда ұзақ ұстау май шығымын төмендетеді. Сапқындату кезінде гидролиз бен тотығу баяулайды, бөгде иістер аластанады, ұсақтауға қолайлы тығыз консистенция алынады. Жуылып салқындатылған шикізаттың тор көзде 30 мин суын ағызады. Май алу үшін жылумен еріту, экстракция, гидромеханикалық (импульстік) әдіс қолданылады. Әртүрлі әдістермен еріту кезінде май шикізаты балқу температурасына дейін қызады, сондықтан май үлпадан шығады. Бүл ең қарапайым, көп тараған әдіс, бірақ кемшілігі - майды толық алуды қамтамасыз етпейді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==