Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Негізгі дәрумендерге тэулікттік тұтыну нормасы келесідей: А-Імг, С-105мг, В1- Змг, В2- Змг, РР-27мг. Тәуліктік рационның қажет етілген энергетикалық құндылығы : таңгы ас-25-30 % түскі ас 35 % , сәске ас -25%, кешкі ас 10-15%. Рационды тамақгануда минералды заттар ақуыз, май, көмірсу, дэрумендер сияқты ерекше орын алады. Минералды заттардың жетіспеушілігінен немесе жоктығынан адам организмінде спецификалық бұзылу болып, бұдан ауруларга экеп соқтырады. Минералды заттар адам денесінің салыстырмалы түрде белгілі бір бөлігін кұрайды. Сүйектерде олар кристалл түрінде, жұмсақ тіндерде -ақуыздармен басты байланысу кейіпінде коллоидты ерітінді түрінде көрсетілген. Минералды заттар адам өміріндегі маңызды процесте пластикалық функцияны атқарады, олар сүйек тіндерін қатайтуда рөлі ерекше, фосфор мен кальций сияқты элементтерге ие. Минералды заттар организмнің аса мацызды зат алмасу процесіне қатысады. Организмдегі көптеген ферментативті процестер осы не басқа минералды затгардың қатысуынсыз жүруі мүмкін емес. Минералды заттар организмде болуына байланысты, олар макро және микроэлементтерге бөлінеді. Макроэлеметтерге: натрий, калий, кальций, магний, фосфор, хлор, күкірт жатады. Микроэлементтерге: темір, мыс, марганец, цинк, йод, хром, кобальт, фтор, молибден, никель, стронций, кремний, селен, ванадий жатады. Микроколемде олар биохимиялық процестерді өрлендіреді, ал макрокөлемде болса, агзаға улы (токсикалық) эсер етуі мүмкін.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==