МАЛДЬІҢ ТҮРЛЕРІ, ОЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ- ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Ет жэне құсты ұқсату өнеркэсібінде шикізат ретінде ауыл шаруашылығы малдары, құстар және қояндар пайдаланылады. Ет комбинатгарында негізінен ірі қара, шошқа, ұсақ мал, жылқы сойылады. Кейбір өңірлерде түйе, бұғы, буйвол, т.б. жануарлар ет алу үшін қолданылады. Ет өнеркәсібінде шығарылатын өнімдердің сапасы малдьщ тұқымына, жасына, жынысына және қоңдылығына байланысты. Ірі қара малдың өсірілетін тұқымдарының саны 50-ден асады. Өнімділігіне байланысты оларды еттік, сүгтік-еттік жэне сүтгік бағыгта өсірілетін ірі қара малдарға бөледі. Орташа қондылықгағы ірі қара малдан 47-49 % ет ұшасы және 4-6 % май шикізаты алынады, ал жас малдан сәйкесінше - 48-50 жэне 2-4 %. Қазақстанда ең көп тараған ірі қара малдың тұқымдары — қазактың ақ бас сиыры, герефорд, шортгорн, қазақ, әулие ата т.б. Қазақстанда ерте заманнан бері тарихи қалыптасқан сала - қой өсіру. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары еліміз қой саны жағынан ТМД елдерінде 2-ші, бүкіл әлемде 8-ші орын алды. Республикамызда ғалымдар мен ауьш шаруашылығы мамандарының күшімен соңғы жылдары қойдың 9 жаңа тұқымдары шығарылды. Жеке шаруа қожалығы жэне ауыл шаруашьшығы кәсіпорындарынан қойды сатытт алуды (өткізу және қабылдау) жүргізу тәртібі арнаулы құжатпен анықталады. Ет өнеркәсібі кэсіпорындары мен мал дайындау мекемелері қойды мемлекетгік жэне жекеменшік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан белгіленген тәртіпке сай жасалған сатып алу жоспары мен келісім- шарттарының негізінде сатып алады. Мемлекеттік сатып алу бойынша жас еттің жэне шаруашылықга амалсыздан сойылған малдың тұздалган етінің де қабылдануы мүмкін. Мұндай еттерді комбинатгарда мал дәрігері қол қойған малдың амалсыздан сойылу себебін көрсететін актының қосымшасымен, мал дәрігерлік куалікпен, мал дэрігерлік лабораториясының бактериологиялық зерттеу нәтижесі қорытындысымен қабылдайды. Егер бактериологиялық зерттеу
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==