Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

сактайды. Температура штабельдің ішінде көтерілсе, оны бұзып, терілерді қарап, олардың қызу себептерін анықтайды. Құргак терілерді сақтаудың тиімді тәртібі: ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 65-70 %, температура - 10° С. Терілерді штабельге жинар алдында бұзылмас үшін антисептиктермен өңдейді. Тиер алдында пггабельдерді бөлшектеп, терілерді антисептиктерден тазалап, жаңа препараттармен өңдеп, бумаларға байлайды. Ылғал әдіспен өнделген терілерді байламай тиеуге болады. Шошқа мен ірі қара малдың қылдарын өндеу. Қылдар - щетка, бояғыш, кпізден жасалатын бұйымдар үшін таптырмайтын шикізат. Қылдың тауарлық құндылыгы оның физикалық қасиеттеріне байлаиысты: түзулік, ұзындығы, қалындығы, серпімділігі, иімділігі жэне үзуге беріктігі. Шошқаның ең бағалы қылы терінің арқа жағында болады. Жидіту алдында арқадағы қылды ілгекпен суырады немесе машинкамен қырқады. Қолмен суырған қылдың сапасы өте жоғары, бірақ бүл процесс көп қол жүмысын қажет етеді жэне конвейерде малды өңдегенде тиімсіз. Алынған қылды түсіне қарай сүрыптайды, байламдарға буады, ары қарай 40-60° С-та кептіруге жібереді. Жидіту кезінде алынған шошқа қылын қырғыш машинадан кейін жинап, майсыздандырады, эпидермистен тазартады. Осындай қыл жүлынған қылға қарағанда сапасы томен, беріктігі мен серпімділігі аз, түзу емес жэне бір-бірімен матасқан. Іоі қара малдан алынган қылдың негізгі сапалық көрсеткіштері: ұзындығы, беріктігі жэне серпімділігі. Оны ірі қара малдың қүлагының ішкі жағынан, қүйрығының үшынан жинайды. Жиналған қылды 20-35° С-та кептіріп, байламдарға буады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==