Соңғы жылдары пульсация әдісі тері тұздауды жылдамдату үшін қолданылады. Технологиялық ереже бойынша, тұзды сумей тұздаған кезде герінің сапасы өте жақсы болады. Теріні тұздауды жылдамдату үшін төртбұрышты бетон астауларда (чан) пульсациялық араластыру тетігі қолданылады. Ол төртбүрышты аппараттан, төрт гидравликалық сауьптан - пульсокамерадан, тартқыш құбырлардан, гидравликалык түтіктерден (сопло), золотникті таратқыш механизмнен тұрады. Қондыргыда 8 түтікті (сопло) аппарат бар, олар суга батырылган 0 33 мм-лік 32 түтікшеден жэне 0 25 мм, бетті суғарып түрған 16 түтікшеден түрады. Бір пульсацияның толық берілгендігі көлемі 350 л-ге тең. Бір пульсацияның ұзақтығы - 1,5 сек. Пульсациялар қысылған ауаның (1,5-*- 4) 105 Па көмегімен пайда болады. Пульсацияның жиілігі тиеу кезінде - 8/мин, тұздау кезінде - 2/мин. Түздықтау кезінде астауга тұз салады, су қүяды, араластырганнан соң терілерді салады. Терілерді алып, салу үшін тор - кәрзеңке пайдаланылады. Золотник пульсокамерапардағы ауа беру жагдайында тұрғанда олардан тарату құбырлары мен түтікшелер арқылы түздыктың күшін үнемі толықтырып отырады. Осы мақсатпен астаудың ортасына арнаулы түз еріткіш те орнатылған. Астаудың эртүрлі деңгейінде орнатылған түтікшелерден шыққан ағын терілердің арасын ашып, түздыктың олардың арасьгаа кіруіне жағдай жасайды. Судың деңгейінен жоғары орналасқан түтікшелер судың бетіндегі терілерге түздық қүйып, оларды түздауға мүмкіндік береді.Золотник айналып тұрған кезде бүкіл процесс көп рет қайталанады. Сонымен, пульсациялық қондырғы арқылы процесті жылдамдату тұздықгы үздіксіз күшейту, тері мен тұздыктың өзара қозғалысы арқылы іске асады, бұл шекара қабатын азайтып, терінің үстіңгі қабатының жылдам тұздалуын қамтамасыз етеді.Төменгі жиіліктегі пульсацияны қолдану қосылған ауаның шыгынын азайтып, пульсокамералардың көлемін толық пайдалануға мүмкіншілік береді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==