ТЕРІЛЕРДІ ӨҢЦЕУ Ірі қара және ұсақ малдың, шошқаның, қоянның т.б. жануарлардың терілері былғары және үлбір өндірістері үшін шикізат болып табылады. Жоғары ылғалдылығы, қоректік заттардың болуы жэне жоғары температурасы теріде шіріткіш микробтардың дамуына қолайлы жағдай жасайды, бүл терінің сапасын төмендетеді, оны бүзады. Сондықтан мал денесінен сыпырғаннан кейін 2 сағат ішінде теріні тұздау керек. Теріні өңдеген кезде алынатын ет жэне май кесінділері, тері асты клетчаткасы, тері кесінділері желім, жемдік үн жэне техникалық май алу үшін қолданылады. Терінің қүрылымы мен сапасына жануарлардың түрі, жынысы, тұқымы, жасы, үстау және жемдеу жағдайы, сою уақыты үлкен эсер етеді. Тері үш қабаттан түрады: эпидермис, дерма және тері асты клетчаткасы. Эпидермистің қалыңдығы терінің қалыңдыгының 0,2- 5 % құрайды. Сыртқы қабаты мүйізденген. Былгары жасағанда эпидермисті альт тастайды. Былгары жасайтын негізгі қабат - дерма, ол коллаген, эластин жэне ретикулин талшықтарының күрделі байланысуынан тұрады. Коллаген мен ретикулин талшыкдары дерманың беріктігін, ал эластин - созымдылығын қамтамасыз етеді. Талшыкгардың арасы негізгі затпен толтырылған. Дерманың эпидермиспен арасы жүқа қабықшамен жабылған. Өңделген былғарыда оны беті деп атайды. Тері асты клегчаткасы - қопсыған біріктіргіш үлпа, ішінде май клеткалары жинакталган. Тері өндеу кезінде бөлінген тері асты клетчаткасын шел (мездра) деп атайды. Терінің сыртқы жаты жүнмен жабылган. Әрбір жүн талшығы түбірі мен сабағынан түрады. Сабағы тері үстінде, түбірі тері ішінде орналасады. Терідегі су мөлшері жануарлардың түріне, жасына жэне қоңдылығына байланысгы. Жас жэне қоңдылығы томен малдың терісінде су көп болады. Жаңа сыпырылган теріде әдетте 60-70 % су бар. Терідегі қүрғақ заттың негізгі бөлігі (95 %-тей) белоктар - коллаген, эластин, ретикулин т.б. Коллаген суда ерімейді, бірақ жақсы ісінеді. Дермадағы минерал заттардың мөлшері 0,3-0,5%.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==