Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Жидіту температурасы терморегтегіш арқылы бақыланады: ол сиыр субөнімдері үшін - 65-68 0 С, шошқа - 60-63°С; қойдың басы үшін - 60-70°С. Одан жоғары температурада жүннің ұсталу күші артады, оны алу қиындайды. ИІошқаның түлғы центрифугада түсіп қалады. Ірі қараның аяқтары центрифугадан шыққанда түяқпен болады. Оны алу үшін арнаулы машина МКС-1 қажет. Түяқпен бірге ет сыдырылмас үшін, түяқгы центрифугадан бүрын 3-5 минут қыздыру қажет. Қүлактар мен еріндерді тазалау кезінде оларға сиырдың немесе шошқаның аяғын қосып өңдейді. Бүл тазалау процесін жылдамдатады. Су болған өнімдерді үйіткен кезде күйе көп болады. Сондықтан оларды үйтуден кейінгі шыққан жылы ауамен кептіріп алған дүрыс. Субөнімдерді үйіту пешіне бункер арқылы тиейді. Көлбеу барабанның тұгас бөлігінде олар кеуіп, ары қарай тесігі бар жеріне жеткенде жалынмен үйтіледі, Барабан айналып тұрған соң, олар араласа бастайды. Өңдеу кезінде эпидермис пен қалган жүн күйеді. Үйту температурасы —700-900° С, кептіру —300-450° С. Ұзақтығы - аяқгар мен ^ріндер үшін - 4-6 мин, шошқа аягы, құлақ, қүйрық - 2-4 мин, қойдың басы - 3-5 мин. Жидіту мен күйеден тазарту үшін МОС-ЗШ центрифугасы қолданылады, бір тиегені - 100 кг, өнімділігі - сагатына 750 кг. Жүнді субөнімдерді ірі кәсіпорындарда ЛОШС маркалы тасқынды механикаландырылған желілерде өңдейді. Шағын кэсіпорындарда жүнді субөнімдердің барлық түрі (шошқа басынан басқа) бір желіде өңделеді. Шошқаның басы мал сою бөлімінен қүлақсыз жэне тілсіз келіп түседі. Алғашқы рет бастар 65-68° С-та 8 мин жидітіледі. Содан кейін қылдан арнаулы ұрғыштары бар машинада тазаланады. Үйту айналдыра отырып пештерде 3-5 мин өткізіледі. Пештерде газ арқылы жалынсыз үйту өте тиімді. Күйіктен тазарту үшін резеңке үрғыштары бар тазарту машинасы қолданылады. Келесіде бастарды екіге бөледі. Миды, гипофизді алып, жуады. Бастарды ілгіштерге іледі. Ми мен гипофизді табақшаға салады. Алынған қылды жинайды. Ет комбинатгарында шошқа бастарын ФГС-150 маркалы арнаулы агрегатта өңдейді. Агрегаттағы жидіту астауына су қүйылып, оның температурасы автоматты түрде үсталады. Оператор шошқа бастарын істіктерге салып отырады. Бастар астауда

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==