Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Ірі кәсіпорындарды қарынды тасқынды-механикаландырылған желілерде өңдейді. Ванналардагы сумей келген қарынды темір күршектерге іліп отырады. Оларды майдан тазалап, жидіту астауына (чан) жібереді. Жидіту 65-68° С-та 5-8 мин жүргізіледі. Жидітілген қарын МОС-ЗС маркалы центрифугаға тазалауга түседі. Жидіту кезінде қарынның шырыш қабығы босап, тазалауға дайын болады. Тазаланған қарынды ағынды суда ваннада жуып эрі суытып, суы аққанша рамаларда ұстайды. Жалбыршақ қарынды центрифугада немесе ваннада жидітеді. Температура - 65-68° С, уақыты-5 мин. Центрифугада шырыш қабатган тазалайды. Суық суда тазалап, салқындатады, 20-30 мин суын ағызады. ¥лтабарды ферменттерді сакдау үшін температурасы 25° С-тан төмен, ағыны элсіз суда 3-5 сек жуады. Шырышты қабықты мал сойылған соң 45-60 мин. ішінде алу керек, ол үшін үлтабарды кесіп, арнаулы ағаш дөңбекшеге кигізеді. Пышақпен абайлап шырышты қабықты кесіп алады. Шырышты кабықта май жэне қарын кесінділері болмау керек, әйтпесе шырышты қабық медициналық препараттар алуға жарамайды. Дайын үлтабарды жуып тазалайды. Шырышты қабатты алу қажет болмаса, үлтабар мен шошқа асқазанын центрифугада жидітіп, тазалап жуып, суын ағызып, тоңазытуга жібереді. Ірі кәсіпорындарда барлық шырышты субөнімдерді өндеу үшін тасқынды-механикаландырылған желілер ЛОСС қолданылады. Желінің өнімділігі- сағатына 500 кг. Корзиналарға субөнімдерді салып, ваннада сумей 65-67° С-та 8-10 мин жидітеді. Корзиналарды арнаулы көтергішпен центрифугага апарып, субөнімдерді ыстық суға салады. Центрифугада тазалау 6-10 мин жүргізіледі. Соңғы тазалау мен жуу екінші центрифугада іске асырылады. Жүнді субөнімдерді өңдеу Өңдеу кезінде тамаққа қолдануға келмейтін бөліктерді (жүн, қыл, түяқ, эпидермис), ластарды тазалайды. Негізгі операциялар - жуу, жидіту, жүнді аластау, үйту, жанған бөлшектерден тазалау, жуу. Сиыр, шошқа аяқтарынан үйгуден кейін түякды алады. Шошқа немесе қой басын (терісімен) миын алу үшін екіге бөледі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==