Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Ірі кәсіпорындарда басты В2-ФГЛ тасқынды желісінде өндейді, ол төменгі жақты айыратын машинадан, басты екіге бөлетін гильотанадан түрады. Бастан мөлшермен 34 % ет, 3% - ми, 54% - сүйек, 2,5% - май, 4,7 % - еріндер т.б. алынады. Ет-сүйекті қүйрықтарды жылы сумен жуып, жүн мен теріден толық тазалайды, 20-30 мин суынан сорғытады. Жүмсақ субөнімдерді өңдеу Тілдер тіл етімен, көмекеймен бірге келеді. Олардыы барабанды қондыргыда жуып тазалайды. Үстелде көмекейден жэне еттен бөліп алады. Қабықшадан тазалап, майсыздандырады, созылған күйінде табақшаларға салады. Тілдерді шүжық өндірісінде қолдану үшін олардан мүйізденген шырыш қабығын центрифугада температурасы 70-80° С сумей алады. Сиыр тілдерін 3-4 мин, шошқанікін- 1,5-2 мин, қойдікін - 1-1,5 мин өңдейді. Дайын тілдерді суық сумей жуады. Ливерді (өкпе, бауыр) душ астында немесе арнаулы барабанды қондыргыда жуады. Кеңірдектен темір ілгішке іліп, майдан тазалап, жеке-жеке бөлшектейді. Өнделген өнімдерді тасымалдау үшін табақшалы таспалы тасымалдағыш қолданылады. Бауырды мұқият қарап, тексереді. Онда құрттар немесе микроорганизмдер болуы мүмкін. Қатгы немесе өзгерген жерлерін кесіп алып тастайды. Қабықшадан, лимфа тамырларынан тазалап, майын алады жэне жуады. Өкпені майдан тазалайды, екіге бөліп жуады. Жүректі майдан айырады, құлақшаларын алып, кесіп, қаннан тазалап, жуады. Кеңірдектен майды кесіп алады, диафрагманы бөліп алады, жуады. Көк бауырды тазалап жуады, екі-үш бөлікке бөледі. Бүйректі майдан тазалап, қан тамырларынан тазартады жэне жуады. Желінді екі-үш бөлікке бөліп, тазалап жуады. Шырышты субөнімдерді өңдеу Негізгі операциялар- майсыздандыру, тазалау, шырыштан арылту. Қой мен сиырдың қарындарын үшке бөледі: тор көз қарын (сетка), қарын (рубец), жалбыршақ қарын (книжка), ұлтабар. Мал сою бөлімінен қарын тазаланып, майсыз, жуылып келеді. Оларды ілініп тұрган күйінде өңдейді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==