Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

шыгарады немесе тамактық құндылығына сәйкес өндірісте қолданады. Субөнімдерді ұшалардан бөліп, ветеринарлық тексеруден өткізгеннен соң сапасын сақтау үшін дереу өңдеу қажет. Өңделмеген субөнімдерді бір тәулік ұстауға болмайды, өйткені олар қарайып, шырыштанып иісі өзгереді. Сонымен қатар оларды ары қарай өңдеу қиындайды, тауарлық түрі нашарлайды. Субөнімдердің эрбір тобын бекітілген технологиялық инструкцияларға сәйкес өңцейді. Өңдеу кезінде оларды жуып, ластан тазартады, басқа бөгде заттарды аластайды - жүн, шырышты қабық, майсыздандырады. Тамақтық құндылығын жоғарылату үшін және технологиялық өңдеуді жеңілдету үшін кейбір субөнімдер - бауыр, өкпе, кәкбауыр, желін, ет кесінділерін майсыздандырылмайды. Субөнімдер негізінен тасқынды- механикаландырьшған желілерде өңделінеді, онда еңбек өнімділігі және өндеу сапасы жоғары, жүмысшылардың еңбегі жеңілдеп, цехтың тазалығы жақсарады. Желілер субөнімдерді толық өңдеуге қажет жеке машиналардан тұрады, оларды өзара байланыстыру тасымалдағыш немесе оларды әртүрлі биіктікте орналастыру арқылы іске асырылады. Тамакгық мақсатта өнделетін субөнімдер сау малдан алынған жэне өңделген соң МЕСТ-қа сай болу керек. Сапалы өнімдердің тығыз, серпімді ет тіні бар, сыртқы түрі, иісі эр субөнімге сай. Өңделген субөнімдерді сұрыптап, дереу тоңазьпуға немесе мұздатуға жібереді, ары қарай қолдану түріне байланысты сатуга немесе өндірісте үқсатуға жібереді. Техникалық субөнімдер құрғақ мал жемдерін алуга қолданылады. Ет-сүйекті субөнімдерді өңдеу Сиырдың басы терісіз жэне қүлақсыз келеді. Оларды мал сою бөліміндегі бас конвейерінде тексереді. Қалқанша бездерін апып, басты жуады, тіл мен көмекейді алады, мүйізін кеседі. Кейде көздерін алып, дәрі-дәрмек жасауға пайдаланады. Мүйізді арнаулы дөңгелек арамен кеседі (В2-ФР-2М). Субөнімдер цехында басты төмендегідей жолмен өндейді: ерінді кесу, терісін толық сьшыру, төменгі жакды еттен тазалау, жакты бөліп алу, бас сүйектің етін айыру, басты екіге бөлу, миды алу, гипофизды алу жэне тазарту, миды жэне етті, сүйектерді жуу.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==