КІРІСІІЕ Ет өнеркәсібінің халық шаруашылығындағы маңызы өте зор, өйткені ол елімізді жоғары салалы өнімдермен - етпен, шұжық жэне тұздалған өнімдермен, ет консервілерімен, жылдам муздатылған екінші тағамдармен, диеталық жэне балаларға арналған тағамдармен, т.б. қамтамасыз етеді. Ет өнеркәсібінде өңделетін шикізаттың ерекшеліктері оны кешенді түрде қолдану арқылы өндірісті құрамалауды қажет етеді. Соңғы жылдары ет өнеркәсібінде кэсіпорындардың негізгі түрі ретінде ет комбинатгары жұмыс істеді, бірақ мемлекетгік жоспарлы түрде мал тапсырудың жойылуына байланысты олардың көбі шикізат тапшылыгынан жабылып қалды. Жеке шаруашылыкпгарда сойылған малдардың еттері көбінесе тікелей рьшоктарда сатуға шығарылды. Пайда болған шағын жэне орта бизнес кәсіпорындарының өндірістік куаттары өте аз, құрал-жабдықтары қазіргі заман талабына сай емес. Сондықтан, олардың шыгарған ет өнімдері сапасы және бағасы жағынан ресейлік өнімдермен бэсекелестікке төтеп бере алмады. Республикамызда мал және құс өсіретін, оның етін өңдейтін кәсіпорындар жеткілікті. Көптеген шаруашылықгарда мал мен қустың жоғары өнімді түқымдары, мал мен құстың жеткілікті мөлшері жэне оларды жайып семіртетін мол жайылым бар. Бірсыпыра шаруашылықгарда бордақылау алаңы салынған. Онда ересек мал бордақыланады. Елімізде ет өндіруді артгыру жөнінде біраз табыстарға қол жеткенмен, халықгьщ бұл бағалы өнімге қажеттілігі әлі де болса толық қанағаттандырьшмай отыр. Мұның негізгі себебі, барлық шаруашылықта ет өндіру бірдей жолға қойылмаған. Мал етін өндіруді күрт арттыру үшін мал мен құстың тірідей салмағын және олардың қовдылығын көтеру шарт. Ол ушін, ең алдымен малды күтіп бағу мен азықтандыру жағдайын жақсартьш, оларды үстеп азықгандыра отырып, жайып семіртуді ұйымдастыру қажет. Ересек малды жэне құсты өнеркәсіптік негізде қарқынды түрде бордақылау тиімді. Ет өндіруді артіыруда ауыл шаруашылығы ғылымы мен озат шаруашылықгардың тәжірибесін кеңінен қолданудың да зор маңызы бар. Республиканың ғьшыми-
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==