Қанды ортадан тепкіш күш әсерімен шашырату жылдам айналатын терт каналы бар диск арқылы іске асырылады. Айналу жылдамдығы 8-10хІ03 мин Дискінің өнімділігі 0,5 м3/сағ. Диск арқылы шашырату қанның жоғары ұсақталу дәрежесін қамтамасыз етеді. Шашыратып кептіргіштердің барлық түрлері үшін төмендегі элементтер бар: кептіргіш камера, шашыратқыш қондырғы, ұнтакгы ұстайтын құрылғы, қыздырғыш, қүрғақ өнімді түсіретін тетік, желдеткіштер жэне ауаны тазалайтын фильтр. Кептірілетін материал кептіру камерасында шашыратьшады, ыстық ауамен араласып сусызданады. Қүрғақ материал шаң түрінде камераның түбіне түседі де, үздіксіз әкетіліп отырады. Қолданылған ауа қүргақ ұнтақтың бөлігімен бірге камерадан шаң ұстагыштар арқылы өтіп, атмосферага шығарылады. Кептіргіш қондырғылардың маңызды бөлігі - шаң үстайтын қүрылғы. Кептірілген материалдың бөлшектері ауа агынында камерада үшып жүреді. Шаңның көп бөлігі ауа ағынымен бірге кетеді. Кептіргіштерде ауамен бірге кететін шаңның мөлшері кептірілген материалдың 40% - не дейін жетеді. Сондықтан шаңцы үстау экономика жағынан тиімді, эрі қоршаған ортаны ластанудан сақтайды. Кептіргішке берілетін ауаны қыздыру калориферде қыздырылады, немесе отын жанғандағы газ тәріздес өнімдермен араластыру арқылы алынады. Әдетте ауаны қыздыру үшін бумен жүмыс істейтін калориферлер қолданылады. Қанның плазмасын қоюлату Қан плазмасындағы судың өте көп мөлшері оны кейбір ет өнімдерін өндіру үшін пайдалануды шектейді. Сондықтан плазманы немесе сарысуды қоюлату эдістері пайдаланылады. Бүл үшін арнаулы ультрафильтрациялық қондыргылар қолданылады. Олар жартылай өткізгіш мембраналармен жабдықгалған. Олардың тееіктері арқьшы еріткішпен төменгі молекулапық затгар өтеді. Процесс қоршаған ортаның температурасында өткендіктен белоктардың табиғи қасиеттері сақгалады. Ультрафильтрацияны қолдану плазмадағы ақуыздардың концентрациясын 20% - ке дейін өсіріп, олардың бастапқы қасиетгерін сақгайды. Ультрафильтрацияны кептірумен бірге қолдану энергия шығынын азайтып, кептірілген өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==