Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Қанды жэне оныц құрамды бөліктерін сақтау Фибринсізденген немесе тұрақтандырылган қанды, сарысуды, плазманы жэне формалық элементтерді бұзылып кетпес үшін дереу ары қарай ұқсатуға жібереді. 15°С-та сақтау мерзімі қан үшін 4 сагат, сарысу, плазма жэне формалық элементтер үшін 2 сағат. Қанды немесе сарысуды сақгау мерзімін үзарту үшін 10% - тік ас түзының қаныққан ерітіндісін қосады. Осындай жағдайда оларды 4°С-та 2 тәулік сактауға болады. Консерванттар ретінде аммиак, көміртегінің тотығы, натрий цитраты, пиросульфиті, сүт қышқылы және басқа заттар қолданылады. Техникалық өнімдер үшін қолданылатын қанды антисептикгер қосу арқылы өңдейді: 1 т қанға 2,5 кг крезол немесе фенол, 20% аммиак қосады. Қан мен оның қүрамды бөліктерін тамаққа пайдалану үшін оларды суықпен өңдейді. Тоңазьггылган қанды сакдау мерзімі қысқа: 0-2°С-та плазманы 4-5 тэулік, 4°С-та 8 сағат сақгайды. Қанды және оның компоненттерін ұзақ сақтау үшін мұздатады. Оларды ыдысқа сапып мүздатқыш камераларда жэне аппараттарда мұздатады. Қанды мұздату үшін қабыршақ мүз жасайтын барабанды мүздатқьпп қондырғылар пайдаланылады. Бүл жағдайда өндірісте қолдану үшін қанды еріту қажетсіз болады. Қанды -10°С - та 6 ай сақгаға болады. Қан ерген кезде гемолиз процесі жүреді. Қазіргі кезде қанды жабық жинайтын, тұрақтандыразын, тоңазытатын жэне химиялық реагентгер арқылы өңдейтін арнаулы қондырғылар жасалган. Оларды қолдану жоғары өнімділікті жақсы тазалықты қамтамасыз етеді. Қанды түссіздендіру Қанның ақуыздарын ет өнімдерін өндіру үшін қолдану дэрежесі гемоглобиннің өзіне тән түсіне байланысты. Қандагы белоктардың 60% гемоглобин қүрайды, сондықтан ол ең негізгі белок көзі болып табылады. Тамктанудагы гемоглобиннің маңызы жеңіл сінімді темірдің жоғары мөлшеріне байланысты. Гемоглобинді түзсіздендіру үшін әр түрлі химиялық тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдер гемді бөлуге негізделген. Гемді гемоглобиннен бөлу үшін қышқыл ортада ацетон қолданылады. Бөлінген глобин эмульсия түзгіштік қасиетке ие. Бірақ емді бөлу белоктың денатурацияга түрақтылыгын томендетеді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==