Қанды бөлу Қанды сарысуға (немесе плазмаға) жэне формалық элементтерге бөлу осы фракциялардың тығыздыгының эр түрлілігіне байланысты. Қанды бөлу үшін арнаулы сепараторлар қолданылады. Сепаратордың айналатын барабанына түскен қан тәленкелер арасындағы кеңістікте жұқа кабаттарға ьщырап, ортадан тепкіш күшті әсерінен формалық элементтердің ауыр фракциясы шетке қарай, ал сарысу ортаға ығысады. Қанның бөлінгіштігі оның тұтқырлығына байланысты. Сондьгқтан қанды сепараторда жоғары температурада (35-40°С) өңдейді. Сепаратордың өнімділігіне сәйкес оған берілетін қанның мөлшерін реттеу қажет, өйткені қанның көлемі ұлгайғанда сарысудың шыгымы азаяды. Қанды бөлу үшін СК-1 сепараторы қолданылады. Ірі қара малдың қанын бөлгенде 62-63% сарысу 36- 37% формалық элементтер альшады. Емдік препараттар алу үшін АС-1Ж сепараторы қолданылады. Бүл қондырғыда қанды бөлу стерилді жағдайда өткізіледі. Сепаратордың барабаны белгілі жылдамдықга айналған кезде қанды жібереді. 3 - 4 сағат үздіксіз жұмыс істегеннен кейін барабанды жуу қажет. Эритроциттер толық бөлінбесе плазма немесе сарысу қызыл түске бойылады. Қанды түссіздендіру дәрежесін жоғарылату үшін сепаратордың бөлу тәленкелерінде сүзгіштер қойылады. Сепараторда өңдегенде плазмадағы немесе сарысудағы микроорганизмдердің саны азаяды. Қанның ақуыздарын өндірісте жылу немесе химиялық коагуляция арқылы бөледі. Термиялық коагуляция 90-95°С - та өткізіледі. Бүл жағдайда қанның микробиологиялық ластануы төмендейді. Коагуляттың ылғалдьшығы - 50%. Бұл әдістің кемшілігі қанның белоктары денатурацияға үшырап функционалдық қасиеттерін өзгертеді. Қанды немесе оның фракцияларын қышқыл ортада pH 3,5- 4,5 реагенттермен өңдеу арқылы ақуыздарды бөлуге болады. Химиялық реагенттер ретінде натрий полифосфаты темірдің үшхлориді лигнин, т.б. қолданылады. Осы эдіс арқылы қаннан 98% - ке дейін белоктарды бөліп алады. Бейтараптандырғаннан кейін белок коагулянтын кептіріп тамақтық бағытта қолдануға болады. Қанның ақуыздарын альгинат, пектин, карбоксиметилцеллюлоза жэне тағы баска қүрамдар арқылы бөлуге болады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==