Мапдан алынған қан ферменттердің әсерінен ете жылдам ұйып қалады. Сондықтан қанды дереу өңдеу қажет. Ол технологиялық процесті қысқартып, қаннын қүрамындағы белоктарды сақтайды, гемолизді болдырмайды. Қанды тұрақтандыру оның құрамындагы фибриноген белогын сактауға мүмкіншілік береді. Тұрактандырғыш ретінде натрий хлориді, үшполифосфат, фибризол, натрий цитраты, синантрин 130 қолданылады. 1 тонна қанға 1 -3 кг тұрақтандырғыш қосады. Олардың ең қолайлысы қанды ұйыту ферменттерінің әрекеттерін болдырмайды. Синантрин мен фибризол қосылған қан 3 -4 тэулік ұйымайды. Ас тузы қанды 24 сағ уюдан сақтайды. 'Гөменгі оң температурада сақтау мерзімі 4-5 рет артады. Фибризол турақтандырумен қатар қанды бузылудан сактайды. Қанды тұракгандыру үшін ыдысқа алдын-ала тұрақтандырғыштың ерітіндісін куяды. Тұрақтандырылмаган қанда ую нәтижесінде фибрин пайда болады. Оны екі түрлі әдіспен алады. Тамактық және емдік бағытта қолданылатын қанды дереу фибринсіздейді. Бул үшін механикалық араластырғышы бар дефибринатор қолданылады. ¥зақтығы - 4-5 мин. Өңделген қанды қабылдау ыдысына металл торы бар сүзгіш (тордың тесіктері -0,75-1 мм) арқылы қүяды. Бөлінген фибрин мен тазаланған қанның мөлшері ірі қара үшін - 6,5-9 және 91-93 %, шошқа - 4-7 жэне 93-96 %. Фибрин ұйытындысында белок мөлшері 20 % болады. Фибрин фибрин қабықшасын алу үшін қолданылады. Фибрин мен гемоглобин қоспасы фарш бұйымдарын өндіруге пайдаланылады. Фибриннің амин қышқылдық қурамы одан белоктық гидролизаттар алуга мүмкіндік береді, бұл өнім парентеральды тамақтану жэне бактериалдық орталар алу үшін қолданылады. Техникалық қанды қан уйытпаларын ұсақтау, келесіде фибринді бөлу арқылы фибринсіздендіреді. Фибрин жіпшелерін арнаулы аппараттарда ұсақтайды. Ұсақталған фибринді суйық қаннан метал тордан өткізу немесе 30 минут тундыру арқылы айырады. Бөлінген фибрин жібшелері қан унын алу үшін қолданылады. Фибриннің усақгалу дәрежесін арттыру оны шашыратқыш дөңгелектерде кетіруге мүмкіндік береді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==