ҚАНДЫ ӨҢДЕУ Ауыл шаруашылық малдарын сою кезінде алынатын қан ақуыздың бағалы көзі болып табылады, сондықтан оны тамақгық, емдік, жемдік және техникалық өнімдер шығару үшін пайдаланады. Қанды толық қолдану қоршаған органы ластаудан сақтайды. Қанның құрамындағы ақуыздардың құндылығы жэне темірдің органикалық байланысқан турі оны тамақ өнімдерінде кең қолдануға мумкіндік береді. Ет өнеркэсібінде шұжық, дүмбілдер жэне консерві бұйымдарын өндіру үшін қан плазмасы мен сарысуы пайдаланылады. Тұтас қан мен эритроциттер қан шұжықтарын, зельц, паштеттер шығаруға жібереді. Шектелген мөлшерде түтас қанды қүрама ет өнімдерінің түсін жақсарту үшін қосады. Қанды басқа белок түрлерімен қосу изолейцин мен метиониннің жетіспеушілігін жойып, ет қоспаларының қасиеттерін арттырады. Қан емдік препарагтар алу үшін қажет: сүйық жэне қүрғақ гематоген, емдік сарысу жэне ақуыз гидролизаттары. Қаннан жоғары сапалы ақуызды жем түрлерін дайындайды. Тамактық жэне емдік багытта қолданатын қан тексерілген сау малдан алынуы тиіс. Малдың сау екенін оның ұшасын толық тексергеннен соң мал дэрігерлері анықгайды, сондықган қанды өндеу багытын малды қимылсыздандырудан 30-40 мин кейін тағайындайды. Жемдік және техникалық өнімдер үшін союға жіберілген барлық малдың қаны жарайды. Жем өндіруге антисептикалық заттармен өңделген қан жіберілмейдіҚанды жинау үшін арнаулы құрап-жабдықгар мен қондырғьшар қолданылады. Алынатын қанның тазалығы мен сапасы өте жоғары болу үшін жабық, вакуум қолданылатын жүйе пайдалану тиімді. Қансыздандыру кезінде шығатын қанның мөлшері малдың түріне, түқымына, жынысына, жасына, қондылығына жэне қимылсыздандыру мен қан жинау әдістеріне байланысты. Жалпы алғанда тұтас қанның шығу нормасы тірі массаға шаққанда ірі қара үшін - 4,2 %, ұсақ мал үшін - 3,2 %, шошқа -3,5 %. Жинаған соң тамакгық қанды ары қарай өңдеуге жібереді. Қалған техникалық қан конвейер астында орналасқан науаға жиналын, жем немесе техникалық өнімдер алуға пайдаланылады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==