Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Қанның тыгыздығы малдың түріне, жасына, қондылығына және оны ұстау жағдайына байланысты. Орташа алғанда қанның тығыздығы 1052-1060 кг/м3, плазма - 1027-1034, формалық элементгер - 1080-1090, фибрин - 700-800 кг/м3. Плазманың, формалық элементтердің және фибриннің тыгыздықгары эртүрлі болғандықтан оларды центрифугада, сепараторда немесе тұндыру арқылы жылдам бөлуге болады. Жаңа жиналған қанның pH көрсеткіші 7,3-7,8 болады. Сақтау кезінде гликолиздің әсерінен pH 6,8-7,0 дейін төмендейді. Қанның химиялық құрамы жануарлардың түріне, жасына, қоңдылығына т.б. байланысты. Қанның құргақ қалдығы 19-21%. Құрғақ қалдықтағы белоктардың мөлшері 90 %, оның ішінде гемоглобинге 60-65 % келеді. Ақуызды емес органикалык заттардың 75 %-ке жуығын липидтер қурайды. Анорганикалық затгардан қанның құрамында темір мен мыстың минерал қосылыстары бар. Қанда көп мөлшерде В тобының, С, D, Е, К дәрумендері бар. Қанның плазмасында 90-91 % су бар. Плазманың ақуыздар негізгі 5 топка бөлінеді: фибриноген, альбумин, а - глобулин, р - глобулин жэне у - глобулин. Соңғылары физика - химиялық қасиеттері және аминқышқылдық құрамы жағынан ерекшеленеді. Фибриноген плазманың қурамындағы ферментгердің эсерінен ерімейтін белок - фибринге айналады. Қалған сұйық сарысу деп аталады. Оның құрамында тек қана альбумин жэне глобулин белоктары қалады. Белоктардан басқа плазма мен сарысудьщ құрамына белоктық емес азотты заттар - полипептидтер, аминқышқылдары, мочевина, креатин, билирубин, амиак кіреді. Азотсыз органикалық затгарға глюкоза, полисахаридтер, май қышқылдары, холестерин, лейцитин, каротин т.б. жатады. Минералдық затгардан қанның құрамына натрий хлориді, карбонаты, фосфаты, калий мен кальцийдің тұздары кіреді. Эритроцштердің құрамында 57-68 % су болады. Қурғақ қалдықгың негізгі бөлігін қызыл пигмент —гемоглобин қурайды. Оның мөлшері 30 - 41 %. Гемоглобин күрделі белок болып есептеледі. Ол түссіз белок глобиннен жэне онымен байланысқан гемнен турады. Гем - порфилиннің темірмен қосылысы. Белгілі бір жагдайларда гемоглобин эритроциттерден плазмаға өтеді. Бұл

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==